Жаңалықтар тізбегі
0

Досаев: тойға арналған кредит түрін жоя алмаймыз

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2019 17:54 inform.kz
Ерболат Досаев жалпы несие қоржыны ішінде тойға деп алынатын несие көлемі 9,5 пайызды құрайтынын жеткізді.

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында қазақстандықтар көп жүгінетін несие түрлері сөз болды, оның ішінде тойға деп алатындары да деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал, тойға деп несие алатындар туралы не айтасыз деп сұрады Дариға Назарбаева Ұлттық банк басшысынан.

Ерболат Досаев жалпы несие қоржыны ішінде тойға деп алынатын несие көлемі 9,5 пайызды құрайтынын жеткізді.

- Өкінішке қарай, тұтынушылық несиемен айналысатын барлық банктегі несиелерді алып қарастырдық, тойға деп алғандары 9,5 пайызды құрайды. Сондықтан табысы несие алуға жетіп тұрса, бұл несие түріне ешкім тыйым сала алмайды, оған құқығы жоқ. Әрине, бұл әрбір отбасының өз таңдауы, өз шешімі. Өкінішке қарай, көбіне несиені ата-анасы алады, бірақ оны жастарға өтетіп жатады. Осындай фактілер көп бізде, - дейді ол.

Оның айтуынша, бұл халықтың қаржылық сауаттылық деңгейінің төмен болуының салдары.

- Біз ҚР Қаржыгерлер қауымдастығымен, банктермен, жергілікті әкімдіктермен осы ретте жұмыс істеуге келістік. Егер несие ала ма, оны өтеуі керек. Тойға деп алған қарыз ақша да несие түрі, оған тыйым сала алмаймыз, бірақ оның көлемі мен санын шектеуге болады, - деді Досаев.

"Несиені беретіндердің де, оны алатындардың да жауапкершілігін күшейту керек", - деді Назарбаева.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: