Жаңалықтар тізбегі
0

Білім министрінің мәлімдемесі көп ата-ананы тығырыққа әкеп тіреп отыр - омбудсмен

Еl.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2019 20:36 Еl.kz
Оның айтуынша, Білім министрлігі "Білім туралы" заңда белгіленген нормаларды дұрыс орындап отырған жоқ.

Омбудсмен бірінші сыныпқа балаларды қабылдау бойынша енгізілген жаңа тәртіпке қатысты ҚР Білім және ғылым министріне сұрақ жолдап, мәселе көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті кеңсесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров қоғамда дау туғызған мәселені көтеріп, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ресми сауал жолдады. Оған 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің балаларды оқуға алты жастан бастап қабылдауы туралы жаңа ереже түрткі болған.

Онда әлемнің көптеген елінде бастауыш мектепке баланың алты жастан бастап қабылданатыны, бұл халықаралық тәжірибеде бар нәрсе екені, сондықтан ондай тәртіпке көшу заңды екені айтылады. Алайда омбудсменнің пікірінше, бұл арадағы мәселе осы өзгеріске қатысты қатаң заңда болып тұр. Өйткені бұл талапты орындамаған адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 127-бабымен жазаланып, оған қомақты көлемде айыппұл салынады, тіпті қамауға алу жазасы да қарастырылған онда.

Алдын ала жүргізілген сауалнама нәтижесі көптеген азаматтарымыздың бұл ақпараттан бейхабар болғанын көрсеткен. Тіпті, бұл заң 2016 жылдың сәуір айынан бастап талқыланғанына қарамастан.

Ата-аналардың көп бөлігі арнайы дайындықсыз алты жастағы баланы мектепке беруге қарсы. Өйткені ол балаға психологиялық және физиологиялық жағынан ауыр болады деп санайды. Оның үстіне ҚР "Білім туралы" Заңының 30-бабында отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың жанындағы мектепке дейінгі сыныптарда мектепке дейінгі тәрбиені алуға балаға бес жастан бастап міндеттейді. Мектепке дейінгі дайындық елімізде тегін жүргізіледі делінеді онда.

Оған қоса, Білім және ғылым министрлігінің тізгінін алдында ұстағандар орта мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі дайындықты ұйымдастыруға қатысты ешқандай проблема болмайтынына сендірген. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, еліміздегі мектептердің көпшілігінде бес жастан бастап балалардың оқуға дайындығы тиісті түрде ұйымдастырылмаған. Көп бала бастауыш мектепке балабақшадан келе салады. 7 жасқа толып кеткендері де бар олардың арасында.

Осы жағынан алғанда, Білім министрінің 20 маусымындағы мәлімдемесі ата-аналарды тығырыққа әкеп соғып отыр. Ол өз мәлімдемесінде: "Мектепке келместен бұрын бала мектепке дейінгі дайындық курсынан өтуі керек. Егер мектеп жанында ондай дайындық орындары болмаса, онда бала отбасы жағдайында мектепке дейінгі даярлықтан өтуі тиіс" деп салған болатын. Демек, отбасы өз бетімен баласын ақылы болсын мектепке дайындасын деп тұрғаны ғой бұл. Ал бұл жағдайы төмен отбасылар үшін, ауылдық жерлер үшін белгілі бір деңгейде қиындық туғызатын жайт.

Министрге жолданған сауалнамада жалпы білім беретін мектептерде орын болмау мәселесі де көтерілген.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері 1 сынып баратын оқушылар санының жыл сайын тұрақты түрде өсіп отыратынын көрсетеді. Мәселен, 2017-2018 жылдары 1 сыныпқа 358 571 бүлдіршін қабылданса, 2018-2019 оқу жылдары 389 897 оқушы қабылданған. Ал алдағы оқу жылында 1 сыныпқа баратын бала саны тіптен көп болмақ, атап айтқанда – 768 409. Өйткені, санақ көрсетіп отырғандай, елімізде 2012 және 2013 жылдары бала көп дүниеге келген.

Өткен оқу жылындағы тексерулер мектептен көп заңбұзушылықты анықтады. Білім беру ордаларында санитарлы-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы, сыныптағы оқушы санының 25-тен асуы сынды дегендей.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 сәуірде министрлікке мектептердегі үш ауысымдық мәселені түбегейлі жоюды тапсырған. Керісіншен, биыл бірінші сыныпқа баратын оқушылар санын ескерсек, үш ауысымда білім беретін мектептердің саны артуы мүмкін. Өз сауалнамасында уәкілетті орган осы мәселелерді ескере отырып, Білім министрлігі тиісті шаралар қабылдау үшін алда оны жан-жақты талдауды ұсынды.

Бұл мәселе оңтайлы шешім табу үшін Білім және ғылым министрлігінің Қоғамдық кеңесінің талқылауына ұсынуға болатын тақырып екені де айтылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: