Жээнбеков: қарсыласқан Атамбаев Конституция мен заңды өрескел бұзды
kg.akipress.org
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылды.
Заң аясындағы тергеу шараларына қаруланып, қатты қарсылық көрсеткен Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасының Конституциясы мен заңдарын өрескел түрде бұзды, деді Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 8 тамызда Қырғыз Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің отырысында, деп жазады kg.akipress.org.
Жээнбеков атап өткендей, Қырғыз Республикасы құқықтық мемлекет болып табылады. Мемлекеттің парызы – барлық азаматтардың заң талаптарына бұлжытпай бағынуын қамтамасыз ету.
- Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне елде заңдылықты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін дереу шаралар қабылдануы тиіс екенін жеткізді, - деді баспасөз қызметі.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript