Қорықшыны өлтірген броконьерлердің соты басталды

Ашық дереккөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2019 15:35 Ашық дереккөздерден алынды
Қаңтардың 13-і күні браконьерлердің қолынан Ерлан Нұрғалиев мерт болған еді. Кейін қылмыскерлер ұсталып, олардың көлігінен Қызыл кітапқа енген 17 ақбөкен мен қару-жарақ табылған.

Қарағандыда киік атып, онымен қоймай инспекторларды соққыға жығып, біреуін мерт қылған 7 браконьерге қатысты сот басталады, деп хабарлайды Хабар-24.

Оның үшеуі кісі өлтіргені үшін, ал 4-уі заңсыз аң аулағаны үшін айыпталып отыр.

Еске сала кетсек, қаңтардың 13-і күні браконьерлердің қолынан Ерлан Нұрғалиев мерт болған еді. Кейін қылмыскерлер ұсталып, олардың көлігінен Қызыл кітапқа енген 17 ақбөкен мен қару-жарақ табылған.

- Мамандандырылған ауданаралық сотқа браконьерлерге қатысты қылмыстық іс түсті. 40 томнан тұрады. Сот мемлекеттік тілде өтеді, жуырда күнін белгілейміз, - деді облыстық соттың бөлім басшысы Гүлбаршын Жітікова.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: