Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайда 3 қыркүйекте Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты өтеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2019 21:02 Сурет: zakon.kz
Төрт жыл бойы қызымен кездесе алмай, қайғыдан құса болған ата-анаға Қытай мемлекетіндегі сот отырысына барып қайту үшін қазақстандықтардың көмегі керек.

Қытай түрмесінде өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген қазақстандық бойжеткенге қатысты шешуші сот қыркүйек айының басында өтеді, деп хабарлайды adyrna.kz.

Төрт жыл бойы қызымен кездесе алмай, қайғыдан құса болған ата-анаға Қытай мемлекетіндегі сот отырысына барып қайту үшін қазақстандықтардың көмегі керек. Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты 3 қыркүйекте болады.

" (...). Құдайы жоқ Қытай мемлекеті егер сот үкімін өз күшінде қалдырып, Ақжарқынды өмір бойы бас бостандығынан айыру және оны Қытай елінде өтеуін ләзім деп тапса, сіз бенен біздің демеуімізбен сот процессіне анасы қатысса, зар илеген ананың бозторғайдай балапанынын соңғы рет құшуы, соңғы рет маңдайынан иіскеуі болар бәлкім… Жаратқан ием шапағатын төгіп, Қытай соты мейірімділік танытып, қызымызды тым құрығанда елге экстрадициялау мәселесіне үкім шығарса – онда біздің, қазақтың олжасы, қазақтың ұтқаны, бір қазақ шаңырағының таңының күліп, арайланып атқаны-дүр. Сол ақ таңның тууына сіз болып, біз болып мұрындық болайық, ағайын! Қазақта Атымтай жомарт азаматтар көп-ақ. Сол жомарттығымызды дәлелдейік. Азаматтық танытайық! Алла жолына деп берген қайырымдылығыңыз Алладан еселеніп қайтсын, құрметті иісі қазақ. Кең байтақ даланы мекен еткен 18 млн халық Ақжарқынның анасының есеп шотына мүмкіндігімізше, тым құрығанда мың теңгеден салсақ, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімоваға үлкен көмек, демеу болары анық...", - деп жазылды порталда.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Ақжарқын Тұрлыбайға "алаша тасымалдады" деген айып тағылып, ол Қытайдан Малайзияға ұшып бара жатқан жерінен ұсталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: