Тоқаев "Лукойл" компаниясының президентімен кездесті

Қазақстан Президенті еліміздің энергетика секторын дамыту ісіндегі "Лукойл" компаниясының үлесін жоғары бағалады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің "Лукойл" мұнай компаниясының президентімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Вагит Алекперов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. Олар мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.
Қазақстан Президенті еліміздің энергетика секторын дамыту ісіндегі "Лукойл" компаниясының үлесін жоғары бағалады.
– "Лукойл" – біздің стратегиялық инвестициялық серіктесіміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сіздің компаниямен арадағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берді. Біз ұзақ уақыттан бері бір-бірімізді білеміз. Сондықтан осы жемісті ынтымақтастықтың табысты болатыны сөзсіз деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысында жүр. Онда бірқатар мұнай өндіруші нысандарда болған Президент еліміздегі мұнай өндірісі бойынша кеңес те өткізді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript