Жаңалықтар тізбегі
0

Головкиннің рейтингі күрт түсіп кетті

DAZN, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2019 15:29 DAZN
Головкин тіпті үздік 15-тің қатарында да жоқ.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) рейтингінде ТОП-15 тізімінен шығып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Тамыз айында Головкин орта салмақта бірінші орында тұрған, бірақ қыркүйекте канадалық Стивен Батлер (27-1-1, 23 KO) көш бастады. Головкиннің келесі қарсыласы, 5 қазанда IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионының бос тұрған белбеуін сарапқа салатын украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) да рейтингте төмендеп кетті.

WBO-ның қыркүйек айындағы рейтингінде төрт қазақстандық боксшы бар: Қанат Ислам (26-0, 21 КО) орта салмақта сегізінші орында қалды, ал Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) осы дивизионда 15-тен 13-ші орынға көтерілді, Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) екінші орта салмақ категориясында тоғызыншыдан сегізінші орынға көтерілді, ал Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) бірінші орта салмақта тоғызыншы орынды сақтап қалды.

Орта салмақтағы WBO титулын өткен жылдың қазан айынан бері америкалық Деметриус Андраде (28-0, 17 КО) иеленіп келеді.

Бұған дейін Головкин WBC және WBA рейтингтерінде де ТОП-15-тен түсіп қалған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: