Мәсімовтың жасанды интеллект туралы кітабы жарық көрді
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов "Әлемнің келесі билеушісі. Жасанды интеллект" кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Zakon.kz Кәрім Мәсімовтің айтуынша, бұл кітапты жазуда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен шабыт алған.
"Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың қазан айында Қазақстан халқына Жолдауының басым бөлігін Қазақстанда жасанды интеллект енгізу қажеттілігіне тоқталып, Елбасы көтерген осы мәселе мені толғандырып, маған ерекше шабыт берді" делінген кітаптың басында.
Мәсімов жасанды интеллект дамуының негізгі кезеңдеріне егжей-тегжейлі шолу жасап, оның күнделікті өмірде қолданылуына қатысты нақты мысалдар келтіріп, бірқатар елдердегі ұлттық жасанды интеллект стратегиясының негізгі ерекшеліктерін сипаттады.
- Жасанды интеллекттің (AI) үнемі кеңінен тарап, өсіп келе жатқандығын көре отырып, біз бұрын болмаған белгісіз салалардың пайда болуы және медицина, биоинженерия, робототехника, қару-жарақ және ғарышты игеру саласындағы жаңа инновациялармен ерекшеленетін жаңа дәуірдің тууына куә болып отырмыз, - делінген хабарламада.
Кәрім Мәсімов кіріспеде кітапты жазуға шейх Тахнун бен Заид әл Нахаян, Жак Аттали, Герман Греф, Кай-фу Ли, Эдвард Люттвак, Джек Ма, Ванли Мин, Раджив Миср, Сирилл Мюллер, Филип Маслер Реландер,Масаеши Сона, Аркадий Волож және Пен Сяоның кеңестерінің көп көмегі болғандығын айтты.
Кітап әзірге, тек электронды түрде жарық көрді. Қағаз нұсқасы жақын арада пайда болуы тиіс. Кітапқа қатысты Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай пікір білдірді:
- Елбасы өз сөздері мен баяндамаларында жасанды интеллектіні дамыту мен оны жүзеге асыру туралы бірнеше рет мәселе көтерген болатын. Бұл -жаһандық тренд. Осы мәселені Кәрім Мәсімовтың "Әлемнің келесі билеушісі. Жасанды интеллект" атты жаңа кітабынан табуға болады.