Жаңалықтар тізбегі
0

Түркіменбашы өзінің күйеу баласын Дубайдағы Бас консул етіп қойды

imgclf.112.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2019 18:02 imgclf.112.ua
Аманов президенттің кіші қызына үйленген.

Аманов Ыхласгелды Жұмагелдіұлы Түркіменстанның Дубайдағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бас консулы болып тағайындалды, деп хабарлайды Business Turkmenistan.

Тиісті жарлыққа Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 28 қыркүйекте қол қойды, ал осы қалада Түркіменстанның Бас консулдығын ашу туралы қаулыға 30 тамызда қол қойылған.

Ыхласгелді Аманов 1983 жылы Ашхабадта туған. 2004 жылы ол президенттің кіші қызы Гүлжаханға үйленді. Бердімұхамедов Түркіменстан президенті тағына отырған соң балаларын дипломатиялық қызметке тіркеп, отбасыларымен бірге шетелге жіберді.

2007 жылдың ақпанында Аманов Түркіменстанның Германиядағы елшілігінің бірінші хатшысы болып тағайындалды. 2008 жылы ол Лондонға көшіп, онда Түркіменстан Президенті жанындағы Көмірсутек ресурстарын басқару және пайдалану агенттігінің филиалын ашты. 2011 жылдан бастап Брюссельде тұрды. 2015 жылдан 2018 жылға дейін Бельгия мен Люксембургтегі Түркіменстан елшілігінің кеңесшісі ретінде аккредитациядан өтті. 2018 жылдан бастап ол Ұлыбританиядағы Түркіменстан елшілігінің бірінші хатшысы болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: