Ержан Байтілес ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болды
Facebook/Берік Уәли
Президенттің баспасөз қызметі тағы бір білікті кадрмен толықты
Ержан Байтілес ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Президенттің Баспасөз қызметі тағы бір білікті кадрмен толықты. Журналистиканың қазанында қайнаған, "Ақ жол Қазақстан", "Алматы ақшамы", "Ана тілі", "Егемен Қазақстан" секілді іргелі басылымдарда жұмыс істеп, қазіргі қалам ұстаған қайраткер ағалардың тәлімін алған Ержан Байтілес бүгіннен бастап Президенттің Баспасөз қызметіне сектор меңгерушісі болып орналасты. Ержан журналистикадан бөлек қоғамдық-саяси өмірге де белсене араласты. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметінде жүріп біраз тәжірибе жинады. Журналистикада, қоғамдық жұмыстағы тәжірибесі Президент Баспасөз қызметінің жұмысына өз септігін тигізеді деп ойлаймын", - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript