Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Семейде болды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 21:38 primeminister.kz
Премьер-Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспарын мақұлдағанын атап өтті.

Семей қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қала активімен Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру мәселелері, сондай-ақ Абайдың 175 жылдығын атап өтуге дайындық жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және 2025 жылға дейінгі жоспарлар туралы қала әкімі Е. Сәлімов, бірінші қаржы вице-министрі Б. Шолпанқұлов, ұлттық экономика вице-министрі Е. Алпысов, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б. Қамалиев баяндады.

Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарында 56 іс-шараны іске асыру қамтылған, оған 260,2 млрд теңге қаржы қарастырылған. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 98,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 85,5 млрд теңге, 76,1 млрд теңге көлеміндегі жеке инвестициялар қарастырылған. Инвестициялар кәсіпкерлікті дамытуға, АӨК, тұрғын үй құрылысына және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына бағытталатын болады.

Кешенді жоспар шараларын іске асыру 2025 жылға қарай ЖІӨ 1,6 есеге арттыруға (нақты мәнінде) немесе 300 млрд теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. 4 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылады, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 19 процентке ұлғайып, 43 млрд теңгені құрайтын болады. 133 көпқабатты немесе 702,9 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізу жоспарланған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жолдардың үлесі 73,6-дан 95 процентке дейін жеткізілетін болады.

"Семей еліміздің мәдени және рухани мұрасында және Қазақстанның тәуелсіз тарихында ерекше орын алады. Елбасы Н. Назарбаев бұл өңірге, Семей қаласына, ерекше қамқорлықпен қарайды. Бұған дейін Елбасының тапсырмасы бойынша Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2017 жылдарға арналған Кешенді жоспары қабылданған болатын. Осы жоспарды және басқа да бағдарламаларды іске асыру есебінен соңғы бес жылда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 38 процентке, ауыл шаруашылығы өнімдері – 63 процентке, бөлшек саудадағы тауар айналымы – 1,6 есе, негізгі капиталға инвестициялар – 1,4 есе, бюджет көлемі – 1,8 есе ұлғайды. Соңғы жылдары сонымен қатар тұрғындар санының өсуінде оң динамика байқалып отыр, — деді Мамин.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 21:38

Премьер-Министр Үкіметтің қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөліп отырған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспарын мақұлдағанын атап өтті.

Үкімет басшысы Кешенді жоспарда қарастырылған іс-шараларды уақытылы әрі сапалы орындау бойынша тиісті шараларды қабылдауды, сондай-ақ, қаражаттардың уақытылы әрі тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

2020 жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы айта отырып, Мамин Үкіметтің халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейлерде 500-ден астам іс-шараны қамтитын жоспардың орындалуына ерекше бақылау орнататынын атап өтті.

"Ел Президенті мерейтойды мемлекеттік деңгейде атап өтетінімізді айтты. Абайдың отанына әлемнің түпкір-түпкірінен қонақтар келеді. Сондықтан, біздің басты міндетіміз – барлық жоспарланған шараларды лайықты түрде ұйымдастырып, өткізу", — деді Премьер-министр.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған "Нұрлы жер" және ИИДМБ іске асырылуын бақылау, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша тапсырмаларын орындау аясында Асқар Мамин "СемАз" ЖШС және "Daewoo Bus Kazakhstan" автомобиль құрастыру кәсіпорындарының жұмысымен, "Абай Арена" мәдени-спорт кешенінің салыну барысымен, сондай-ақ "Қарағайлы" ықшам ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: