Райымқұлова Президентке туризмді дамыту шаралары бойынша есеп берді
Ақорда
Сонымен қатар ол министрліктің мұрағат, тіл саясаты бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында мәлімет берді.
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мәдениет және спорт министрі Мемлекет басшысына бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын, атап айтқанда, мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, отандық туризмді дамыту секілді мәселелер бойынша баяндады. Сонымен қатар ол министрліктің мұрағат, тіл саясаты бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында мәлімет берді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басталған жұмыстарды өз деңгейінде жалғастырып, тиянақты әрі сапалы орындау бойынша бірқатар тапсырма берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript