Сәрсенбіде Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып, қар түседі
Қазақстанның басым бөлігі кең алқапты антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). Тағы кей жерлерде жел күшейеді, тұман күтіледі, солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Ақмола облыстарында көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Түнде Түркістан облысының кей жерлерінде үсік 1 градус күтіледі.