Жаңалықтар тізбегі
0

Бағдат Мәнізоровтың ісі тоқтатылғанын адвокаты растады

qazweek.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2019 17:53 qazweek.kz
Бас прокуратураның тиісті шешімі шыққан

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәнізоровтың адвокаты Алмас Демесінов әлеуметтік желіде тараған қылмыстық істі тоқтату туралы құжаттың түпнұсқа екенін де растады. Айтуынша, кеше Бас прокуратураның шешімі шыққан.

"Қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш үкіметтің электронды кабинеті арқылы жіберілген болатын. Мен ол құжаттың желіге қалай кетіп қалғанын білмеймін. Бірақ бұл – тұпнұсқа. Осы істе қылмыстық тәртіп бұзушылықтың жоқ. Біз ресми жауап алдық", - деді Демесінов.

Айта кетейік, өткен айдың соңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Бас кезінде облыс әкімдігі де, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де ешқандай мәлімет берген жоқ.

Бұдан соң агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектенов шенеунікке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлімі ""қызмет бабын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасау") бойынша іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.

Манзоров денсаулығына байланысты жұмысқа шықпаған. Кейін еңбек демалысын алған. Құқық қорғаушылар оны ұстап, тергеу изоляторына қамады. Артынан үй қамаққа алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: