Жаңалықтар тізбегі
0

Депутаттар зейнеткерлерге арналған жеңілдіктерді көбейтуді ұсынды

azattyq.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2019 21:41 azattyq.org
Сонымен қатар, қарттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағы жақсы ұйымдастырылмаған.

Бір топ депутат Премьер-министр Асқар Маминге қарттарды әлеуметтік жағынан қорғауды сұрап, сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттар Қазақстанда 65 жастан асқан адамдар санының тез өсуі байқалатынын айтады. Статистикаға сүйенсек, 2019 жылдың басында елімізде 2 миллионнан астам қарт адамдар өмір сүруде және болжам бойынша, олардың үлесі 2030 жылға қарай 11,5% -ға дейін артады.

- Елімізде қарт адамдарды санаторий-курорттық емдеумен, дәрі-дәрмектермен және басқа да жеңілдіктермен қамтамасыз етудің деңгейлері әртүрлі. Мәселен, Қазақстанның бірқатар аймақтарында қоғамдық көліктерде жүру үшін әртүрлі жеңілдіктер бар. Егер Нұр-Сұлтан қаласында жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер тегін жүруге құқылы болса, мысалы, Қызылордада 70 жастан асқан зейнеткерлерге 50% жеңілдік қарастырылған. Сол сияқты, еліміздің көп өңірінде зейнеткерлерге курорттық ем ұсыну ісі де бірізді емес, - деп атап өтті халық қалаулылары.

Осыған байланысты егде жастағы адамдардың қай өңірде тұратынына қарамастан бірдей қызметтерге бірдей қол жетімділікті қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар, қарттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағы жақсы ұйымдастырылмаған.

- Әдетте, жылдың басында уақтылы қаржыландырылмағандықтан дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады. Сонымен қатар, көбінесе жеңілдетілген дәрі-дәрмектер арзан, сондықтан оны мұқтаждардың бәрі бірдей ала бермейді.Осыған байланысты әлеуметтік осал топтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін дәріхана қатарын көбейту керек, делінеді сауалнамада.

Заңнаманың бірізді болмауы егде жастағы адамдарды жеткілікті түрде қорғай алмайды және лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етпейді. Кейбір қарт адамдар соның салдарынан өзінің құқығы мен артықшылықтары туралы біле бермейді.

- Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Мәжілістегі "Халық коммунистері" фракциясы қарт адамдардың құқықтарын қорғау туралы заңды әзірлеу мәселесіне қайта оралуды ұсынады. Егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін гериатрия саласындағылар (қарттықты зерттеумен айналысатын сала) мықты мамандар дайындауға кірісуі керек, - дейді халық коммунистері.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: