Мәулен Әшімбаев Сыртқы саясатты зерттеулер институты кеңесінің төрағасы болды
ҚР Сыртқы істер министрлігінде "Сыртқы саясатты зерттеу институты" АҚ директорлар кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырысты ашқан министр Мұхтар Тлеуберді директорлар кеңесінің мүшелерінің сайлануымен құттықтап, Сыртқы саясатты зерттеу институтының мақсаттары мен міндеттерін таныстырып, оларға сәттілік тіледі.
Директорлар кеңесінің төрағасы ҚР Президентінің көмекшісі Мәулен Әшімбаев болды.
Институттың негізгі мақсаты Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсыныстарды әзірлеу, әлемдік саясат пен экономикадағы, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласындағы қазіргі тенденцияларды анықтау болып табылады.