Вице-министр БЖБ мен ТЖБ-ға қарсы петиция туралы: Біз ол туралы білмейміз
3.bp.blogspot.com
Жаңа бағалау жүйесі бойынша мектептерде мұғалімдермен және ата-аналармен түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылардың білімін критерий бойынша бағалау жүйесіне, атап айтқанда әр бөлімді қорытындылаушы жиынтық бағалауға (БЖБ) және тоқсандағы жиынтық бағалауға (ТЖБ) қарсы ұйымдастырылған петицияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Біз ол не петиция екенін білмейміз, ол ата-аналар ма, әлде ата-аналардың белгілі бір категориясы ма, оны білмейміз. Оны анықтау біздің құзыретімізге жатпайды», - деді Каринова ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен кейінгі тілші сауалына берген жауабында.
Оның айтуынша, мектептерде мұғалімдермен және ата-аналармен түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.
- Біз мектеппен де, мұғалімдермен де жұмыс жасаймыз, сол секілді ата-аналармен де түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Критерий бойынша бағалаудың сұрақтары қаншалықты жақсы екенін, нені жақсартатынымызды және қалай жұмыс істейтінімізді көрсетіп, оны дәлелдейміз. Үгіт-насихат жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Бұл бүтін, жүйелі процесс, ол бір күннің шаруасы емес, - деді вице-министр.
Бұған дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова БЖБ мен ТЖБ-ға қатысты әлеуметтік желіде кеңінен түсінік беретін жазба жариялаған. Әлеуметтік желіде бірден осы жүйеге қарсылық білдірген петиция пайда болып, қол жинала бастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript