Жаңалықтар тізбегі
0

Мәнізоров ісі заказ емес – Шпекбаев

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2019 21:29 ПМ
Агенттік төрағасы Алматы облысы әкімінің орынбасарына тағылған айыптарға қатысты түсініктеме берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың "заказ бен подстава" дегенін жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz Sputnik-ке сілтеме жасап.

Манзоров алаяқтық және қызметтік жағдайды асыра пайдалану деген күдікпен ұсталды, бірақ кейін барлық айыптар алынған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі кездесуден кейін журналистер түсініктеме алу үшін агенттік басшысына жүгінді.

– Ешқандай заказ болмаған. Тексеру кезінде бұл анықталды. Нүкте. Прокуратура жауабын жауап бергеннен кейін біз не істейтінімізді айтамыз, – деп қысқаша жауап берді Алик Шпекбаев.

Бұған дейін Шпекбаев агенттік Мәнізоров ісінде өз ұстанымынан танбайтынын айтқан. Енді Агенттік Бас прокуратурадан әкім орынбасарына тағылған айыптарды алып тастауға қатысты жауабын күтуде.

Күні кеше Бағдат Мәнізоров БАҚ-қа берген сұхбатында өзіне тағылған айыптар туралы айтты. Ол өз дәлелдерін келтіре отырып, өзіне "заказ" жасалғанын жеткізген.

Әкімнің орынбасары Бағдат Мәнізоров осы жылдың қыркүйек айының соңында қызметтік жағдайын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған болатын. Қыркүйектің соңғы күні ол денсаулығына байланысты демалыста болып, сосын қарашаның 1-іне дейін ақысы төленбейтін демалыс беру туралы өтініш жазды. Ұсталғаннан кейін ол тергеу изоляторына қамалған, бірақ кейін бұлтартпау шарасы үй қамауына ауыстырылды.

Бағдат Мәнізоровқа қатысты барлық айыптау 28 қазанда алып тасталды. Кейін оның жұмысқа шыққаны белгілі болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: