Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО тұрғындары мекенжай анықтамасын eGovmobile бағдарламасы арқылы тексере алады

egov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2019 22:20 egov.kz
Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қарашадан бастап Қазақстанда мекенжай анықтамасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алынып тасталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді мемлекеттік органдар, мектептер мен медициналық мекемелер азаматтардан мекенжай анықтамасын талап ете алмайды. Анықтаманы Оны "Азаматтарға арналған үкіметтің" филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды.

Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGovmobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады. Жобалаушылардың айтуынша, eGovmobile жаңа бағдарламасы арқылы электронды-цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану тиімді. ЭЦҚ-ны төрт таңбалы PIN-код бойынша орнатуға болады. Сондай-ақ eGovmobile бағдарламасы ұялы телефон арқылы қолдануға мүмкіндік бар. Аталмыш бағдарламаның алғашқы бетінде қолданушыға арналған нұсқаулықтар бар. Сонымен қатар онда қажетті қызметтер алуға болады. Ол үшін "Барлық қызмет" немесе "Қызметтер" бөліміне кіру қажет. Ал "Бейін" бөлімінде әртүрлі мемлекеттік қызметтердің базасы сақталған. Онда отбасы туралы, жеке құжаттар, әлеуметтік статус, заңды тұлға жөнінде ақпарат, жылжымайтын мүлік туралы т.б.мәліметтерді алуға рұқсат етілген. Естеріңізге сала кетейік, eGov сайтындағы жеке кабинет автоматты түрде сіз туралы мәліметтермен толығып отырады. Бұл электронды үкімет бағдарламасын Play Market пен AppStore мобильді қолданбасынан жүктеп алуға болады.

Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады.

Сонымен бірге, азаматтардың мекенжай тіркеуі туралы ақпаратты сұратуы мүмкін басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бұл тек азамат бір рет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-кекелісім бергенде ғана жүзеге асатын операция. Мұндай SMS алу үшін азамат "Мобильді азаматтар" базасында тіркелуі тиіс. Тіркеуді әр азамат өзі жүргізе алады (egov.kz порталындағы "Жеке кабинетке" кіріп, "телефон" бағанында өз телефонының нөмірін көрсету немесе өзгерту қажет және оны өзінің ЭЦҚ-мен растауы керек) немесе ХҚКО-ның кезкелген бөлімшесіне жүгінсе болады (қызмет тегін көрсетіледі және 5 минут уақытыңызды алады).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: