Айыппұлдардың бар-жоғын тексеру әрі оны төлеу үшін кезекке тұрудың қажеті жоқ - тиімді мемқызмет туралы
Сурет: pexels
Әкімшілік айыппұлдарды eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік органдарға жүгінбей онлайн тексеріп, төлеуге болады. Бұл туралы 2026 жылы 22 шілдеде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әкімшілік айыппұлдарды іздеу және төлеу" қызметі әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тексеруге және оларды төлеуге мүмкіндік береді.
Төлем жасау үшін:
- төленетін айыппұлды таңдаңыз;
- төлем жүргізілетін банкті таңдаңыз;
- төлем жасалғаннан кейін порталға қайта оралып, сұрауға қол қойып, электрондық түбіртекті алыңыз.
Әкімшілік айыппұлдарды тексеру және төлеу жолымен мына видеодан толығырақ қанығуға болады.
Бұған дейін Алматыда көлік орындығында тұрған жылтыр пакетке айыппұл келгені туралы желіде ақпарат пайда болып, бұған қатысты полиция түсініктеме берген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript