Жаңалықтар тізбегі
0

Қазіргі жастар аға буын сияқты жемқор болғысы келмейді

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Жастар арасындағы байқау мәреге жетті.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы парасаттылықты дамыту" тақырыбы бойынша жоғары оқу орындары арасында ұйымдастырылған байқауда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері ұсынған жоба үздік деп танылды, деп хабарлайды Қыздар университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі.

Атап айтқанда, Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің студенті Салтанат Эсентураева мен Физика-математика факультетінің студенті Қалима Бауыржанның "Жемқорлықсыз қоғамға бізбен бірге қадам бас!" атты жобасы қазылар алқасы тарапынан жоғары баға алған. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі "Мен жастарға сенемін!" республикалық жастар форумы аясында өтті.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық "Sanaly urpaq" жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушевтің айтуынша, алғаш рет ұйымдастырылып отырған жобаға 40-қа жуық жұмыс келіп түскен. Соның ішінде 4 жоба үздік деп танылды.

Атап айтқанда, бірінші орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті иеленсе, екінші орын Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттеріне бұйырды. Ал үшінші орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен "Тұран" университетінің білімгерлері өзара бөлісті. Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті күніне арналған форум осымен жетінші рет өткізіліп отыр. Алқалы басқосуға еліміздің барлық аймағынан 2 мыңға жуық студент қатысты.

Форум бағдарламасына 2013 жылдан бастап дәстүрлі түрде "Қазақстанның инновациялық дамуына қосқан менің нақты үлесім" атты үздік студенттік инновациялық жобалар байқауы мен "Мен өз елімнің өркендеуі үшін не істей аламын?" атты үздік эссе жазу, үздік поэтикалық шығарма және патриоттық тақырыптағы әндер байқауы кірген.

– Жыл сайын ұйымдастыру комитетіне түскен жобалар мен шығармашылық жұмыстар санының артуы – байқаудың танымалдылығы мен қажеттілігінің дәлелі. Форум ел көлемінде жастардың патриоттық сезімін, азаматтық жауапкершілігін және зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды, – дейді шара ұйымдастырушылары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: