Президент Тараз қаласының әкімін жұмыстан босатуды бұйырды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 01:56 Ақорда
Ал облыс әкіміне Президент ескерту жасады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкіміне Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған себеп - Тараздағы мектепте болған оқиға, онда 12 жастағы оқушы зардап шекті. Мемлекет басшысы бұл туралы шешімді Twitter-дегі парақшасында жариялады.

"Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым", деп жазды Президент.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: