Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық форум өтті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 21:49 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бұл форум алдағы уақытта да еліміздің рухани астанасында өз жалғасын тауып, шетелдік сарапшылардың белсене қатысуымен тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады.

9 желтоқсан - "Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні" деп белгіленген болатын. Осы айтулы күн қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан облысы әкімдігі және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ бірлесіп ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік халықаралық тәжірибелер" тақырыбында Түркістанда алғаш рет "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық Түркістан форумы" өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 21:49

Форумға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев, Мемлекеттік қызмет саласындағы Астаналық Хабты басқару комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, республикалық арнайы мониторингтік топ басшысы А.Соловьева, республикалық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсе жетекшісі М.Қарғабай, АҚШ, Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан елдерінен келген уәкілетті органдарының өкілдері, ғалымдар, Министрліктердің жауапты хатшылары, Әдеп жөніндегі уәкілдер, қала/аудан әкімдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен облыстық құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Халықаралық форумның шымылдығы қазақ болмысында ертеден қалыптасқан асыл қасиеттер - "Адалдық. Парасаттылық. Әділдік. Сенім" тақырыбында арнайы дайындалған бейнероликпен түрілді.

Жалпы саны 700-ге жуық адамды қамтыған форум барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінің озық тәжірибелері талқыланып, жүзеге асырылып жатқан тың жобалар мен тиімді әдіс-тәсілдер талқыланды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 21:49

Бұл жиында алғашқы болып сөз сөйлеген облыс әкімінің м.а. Ұлан Тәжібаев "Елбасының тарихи шешімімен жаңа облыс болып құрылған Түркістан жерін жемқорлықтан азат етіп, адалдықтың мекеніне айналдыруда бүгінгі Халықаралық форумның тигізер үлесі зор" деп, өзінің пайымды ой-пікірін білдірді.

Форумға арнайы келген АҚШ, Түркия, Әзірбайжан және Түркіменстан елдерінен келген уәкілетті органдар өкілдері өз елдеріндегі, ал халықаралық сарапшылар мен үкіметтік емес ұйым мүшелері Қазақстандағы үздік тәжірибелермен бөлісіп, тұшымды ойларын ортаға салды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 21:49

Қатысушылардың пікірінше, бүгінгі форум сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға тың серпін беретін диалог алаңына айналды.

Қоғам індетімен қарқынды күресудің жолын қаузаған форум соңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті қызметкерлерінің және Департамент қамқорлығындағы Арыс қаласындағы "Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының" тәрбиеленушілерінің қатысуымен түсірілген "1424" көркем фильмінің алғашқы көрсетілімі жиынға қатысушылар назарына ұсынылып, көрермен көңіліне терең ой салды.

Бұл форум алдағы уақытта да еліміздің рухани астанасында өз жалғасын тауып, шетелдік сарапшылардың белсене қатысуымен тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 21:49

Бүгінгі өткен Халықаралық форум түркі жұртшылығының түп қазығына айналған тарихи өлкені жемқорлық кеселінен арылтып, өркениет ошағына айналдыруға бірден-бір негізгі қадам болмақ.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: