Виктордың ұлы, Мұхтардың күйеу баласы. Ильяс Храпуновқа қарсы іс қозғалды
Женева Прокуратурасымен БТА Банкінің бұрынғы иесінің күйеу баласы Ильяс Храпуновқа қатысты қылмыстық іс қаралуда. Ол БТА Банктен ұрланған қаражаттардың ізін жасырды деп айыпталады, деп хабарлайды Zakon.kz "БТА Банкі" АҚ таратқан баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
Сонымен қатар БТА Банкі Ильяс Храпуновтан берешекті өндіріп алу процедурасын бастады. Ол Храпуновтың Швейцария, Люксембург, Бельгия мен Лихтенштейндегі мүліктерін іздеу және оларға тыйым салу процедурасын қамтиды. Бұл әрекеттер Лондонның Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 21 маусымдағы шешімдері негізінде және Еуропалық Одақ елдері арасында жасалған халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Жоғарғы Сот шешіміне сәйкес Ильяс Храпунов БТА Банкіне 500 млн. АҚШ долларынан астам қаражатты қайтаруға міндетті.
2019 жылғы 29 тамызда Женева қаласының бірінші инстанциялы Азаматтық соты Ильяс Храпуновтың өндірісті тоқтату және Жоғарғы Соттың 2018 жылғы 21 маусымдағы "Ильяс Храпуновтың БТА Банкіне 500 млн. АҚШ долларынан астам қаражатты қайтаруы туралы" шешімдерінің күшін жою туралы өтінішін қабылдамады. Сот И.Храпуновтың өзінің қайын атасы Мұқтар Әбілязовқа банктің ұрланған қаражаттарын жасыруға ықпал еткендігі дәлелденді деп есептейді. Сот құжаттарына сәйкес ұрланған қаражаттар Швейцариядағы және Люксембургтегі қаржы делдалдарының, сондай-ақ оффшорлы компаниялардың шоттарына аударылған және одан әрі Швейцария, Люксембург, Лихтенштейн, Франция, Нидерланд пен АҚШ-та активтерді сатып алуға жұмсалған.
Даудың дамуы
Лондонның Жоғарғы Сотымен сот даулары 2009 жылы 6 млрд доллардан астам қаражатты ұрлады деп айып тағылған БТА Банкінің Мұқтар Әбілязовқа және оның сыбайластарына қатысты талап-арызы бойынша басталды. 2009 жылы Лондонның Жоғарғы Соты Мұқтар Әбілязовтың мүлкін тәркілеуге шешім шығарды, осыған сәйкес оны қолданыстағы активтері туралы ақпаратты жария етуді міндеттеді. Осы ақпаратты ұсынудан бас тартқаны үшін сот Әбілязовты 22 ай түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Бірақ сотталушы Ұлыбританиядан қашты.
Швейцариядағы сот отырысында Мұқтар Әбілязовтың қызы Мадина Храпунованың жұбайы Ильяс Храпунов ортақ жауапкер ретінде әрекет етеді, себебі ол Швейцариядағы делдалдар және оффшорлы компаниялар арқылы БТА Банкінің қаражаттарын инвестициялауды ұйымдастырған. Сонымен қатар ол ұрланған қаражаттың Батыс Еруопа мен АҚШ-тағы жылжымайтын мүлікке жұмсалуына қатысқан. Әсіресе Мұқтар Әбілязовтың сыбайластарымен Нью-Йорктегі Trump SoHo кешенінен бірнеше апартаменттер сатып алу фактісі анықталды.