Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин Нұр-Сұлтан маңындағы айналма автожолды ресми түрде ашты

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 21:50 primeminister.kz
Автожолды ашу рәсімі аясында Үкімет басшысы "ҚазЖолҒЗИ" АҚ ғылыми-зерттеу институты мен бірқатар қазақстандық компаниялар ұсынған автожол саласындағы жаңа технологиялармен және материалдармен танысты.

Асқар Мамин ұзындығы 87 шақырым болатын Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы айналма автожолды ашу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елорданың дамуына ерекше назар аударады. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту аясында біз өте маңызды оқиғаға куә болып отырмыз – елорда маңындағы ұзындығы 87 шақырым болатын айналма жол бойымен толық қозғалыс ашылуда", — деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы "шұғыла" қағидаты бойынша елордадан Оңтүстік – Орталық, Орталық – Шығыс, Орталық – Батыс бағыттарында қауіпсіз әрі сапалы автомобиль жолдарының жобалары іске асырылып жатқанын, бұл еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне және батысынан шығысына тура өтуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

Елорданың айналма автожолының ашылуы қаланың көлік жүйесінің тиімділігін арттыруға, автокөліктердің жылдамдық режимін ұлғайтуға және жүргізушілердің уақыт шығындарын қысқартуға, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Автожолды ашу рәсімі аясында Үкімет басшысы "ҚазЖолҒЗИ" АҚ ғылыми-зерттеу институты мен бірқатар қазақстандық компаниялар ұсынған автожол саласындағы жаңа технологиялармен және материалдармен танысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 21:50

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: