Жаңалықтар тізбегі
0

Досым Сәтпаев: Біреулер тарихқа ұры сияқты артқы есіктен кіргісі келеді

facebook.com / dosyms, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 15:52 facebook.com / dosyms
Ең ұлы ескерткіш – ұрпақтың естелігі.

"Әлемнің көптеген елдерінде президент деген – шектеулі мерзімді және әділ, бәсекелі сайлау арқылы келетін жай ғана жоғары мемлекеттік лауазым. Қанша артықшылығы болса да, бұл – қызметтің бір түрі ғана", деп жазып қойды желідегі парақшасында саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Оның сөзінше, 1991-ші жылдан бері АҚШ пен Францияда 5 президент ауысты, Ұлыбританияда 6 премьер-министр ауысты. Тіпті Қытайдың өзінде бірнеше КХР төрағасы ауысты.

– Ал бізде бұл лауазымды ежелгі фараондар сияқты бір киелі бір нәрсеге айналдырып жіберді. Нәтижесінде көзі әлі тірі бір адамға арналған мемлекеттік мереке пайда болды. Ал екінші президентіміз тақта отырғанымен билігі жоқ британ королевасын еске түсіреді. Мұндай нәрсе тарихта талай болған. Билікте отырғандардың тарихта қалуға тырысқанына мысалдар жеткілікті. Талай, империя, қалалар, зәулім ескерткіштер мен мазарлар салынған. Бірақ ол империялардың көбі астанасымен бірге жойылды, ескерткіштер құлатылып, зираттары қиратылды. Бірен-саранын ғана айтпағанда, бұл жаһандағы талай билеушінің атын уақыт өшіріп тастады. Біреулердің аты қалса, тек жаулашы ретінде ғана қалды, – дейді сарапшы.

Пост авторы Қазақстанның болашақ саясаткерлеріне жақсы ескерту жасайды. "Өтірікші, халықты күштеп көндіріп, өз билігін өлгенше сақтап қалуға тырысумен өткендер шын жеңімпаздар емес" дейді.

– Ал басқа адамдардың бостандығы мен құқығы үшін күрескендер кейінгі ұрпақтың жадында жақсы адам болып сақталып қалды. Ондайлардың көбі жеңімпаз ретінде тарихта қалғысы келген билеушілердің құрбаны болды. Бірақ өтірікші, халықты күштеп көндіріп, өз билігін өлгенше сақтап қалуға тырысумен өткендер шын жеңімпаздар емес екен. Адам мен оның істеген істерінің ең ұлы ескерткіші – ұрпақтың естелігі. Өйткені біреу тарих естелігіне салтанатты қақпадан кірсе, енді біреу ұры сияқты артқы есіктен кіріп алғысы келеді. Қазақстанның болашақ саясаткерлерінің бәрі осыны есінде сақтауы тиіс, – деп аяқталады бұл жазба.

Бұрын қазақта "президент" болмаған

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: