Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында танысын пышақтаған жігітке қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

udak.rk.gov.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 16:56 udak.rk.gov.ru
Қорғау тарапының Г.С.Нурбаевтың іс-әрекетін ҚК-нің 112-бабының 1-бөлігіне қайта дәрежелеу жөніндегі уәждері негізсіз деп танылды.

2019 жылдың сәуір айында Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жем қаласының Төле би көшесі №575-ші көпқабатты тұрғын үйдің подъездінде Н.Н.Мырзахметов пен Г.С.Нурбаев кездесіп, өзара сөйлесу барысында арасында жанжал туындайды. Содан кейін Мырзахметов танысы І.Б.Бүркіт пен кәмелетке толмаған С.Б.Турганбаевты ертіп, Нурбаевтың жұмыс орны - Жем қаласындағы "Балбөбек" балабақшасына барады. Сол жерде Нурбаевтың қасында оның таныстары А.М.Мұхамбетжан мен К.Х.Шалатаев болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Балабақша алдында Нурбаев пен Мырзахметов тағы жанжалдасып, Нурбаев пышақпен қасақана Мырзахметовтің оң жақ кеуде тұсынан бір рет ұрып, ауыр дәрежеде дене жарақатын келтірген.

Сот отырысында сотталушы Нурбаев өзіне тағылған айыпты ішінара мойындап, жасаған қылмысына өкінетінін, жәбірленушіден кешірім сұрайтынын айтты.

Тергеу органы сотқа Нурбаевтың ниеті жәбірленуші Мырзахметовты өлтіруге тікелей бағытталғанын айғақтайтын нақты дәлелдемелерді бермеді. Нақты айқындалмаған және жанама қасақана ниет болғанда, сот кінәлінің іс-әрекетін келтірілген нақты зияннын бағалау қажет деп санайды. Сондықтан Г.С.Нурбаевтың әрекеті ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі - 99-бабы 1-бөлігінен ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне қайта сараланды, себебі, ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында, қолындағы пышақпен Мырзахметовті ұрып, оның оң жақ кеуде тусына тесіп-кесілген өміріне қауіпті дене жарақатын салып, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.

Басты сот талқылауында анықталғандай, екеуінің арасында болған ашу-араздықтың салдарынан, Нурбаев қолындағы пышақ тесіп-кесетін затқа жататынын, осы пышақты қолдану әрекетінен жәбірленушіге Мырзахметовтің денсаулығына ауыр түрде зиян келтіру мүмкiндігiн алдын ала біліп, ондай зардаптың туындауын қалағанын, яғни Нурбаев қылмыстық құқық бұзушылықты тікелей пиғылмен жасаған деп санайды.

Нурбаевтың ондай пиғылы болмаса, "Балбөбек" бала бақшаның ауласында Мырзахметовке пышақты қолдануға қандай да бір қажеттілік туындамағаны көрінеді.

Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескеріп, сот сотталушы Нурбаевты қоғамнан оқшаулайтын жаза қолдану қажет деп санайды. ҚР ҚК-нің 53-бабына сәйкес, Нурбаевтың кінәсін ішінара мойындағанын, шын ниетпен өкінуін, бұрын сотты болмағандығын, оның жастығын, жақсы мінезделетіндігін, сот сотталушының қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп табады. Нурбаевтың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Осы мән-жайларды және сотталғанның жәбірленушімен татуласып, моральдық залалды өтегенін, жәбірленушінің оған кешірім бергенін ескере отырып, сот Г.С.Нурбаевқа жазаны ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігінде көзделген санкцияның ең төменгі шегінде тағайындады: ҚР ҚК-нің 98-2-бабынның 5-тармағына сәйкес, Нурбаевтан ауыр қылмыс жасағаны үшін ҚР Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК 2525х20), яғни 50 500 тенге, мәжбүрлі төлем өндіруді кесті. Сондай-ақ, ҚР ҚПК-нің 178-бабына сәйкес, сотталушы Нурбаевтан мемлекет кірісіне 81 252 теңге қылмыстық іс бойынша сараптамаға жұмсалған процестік шығындар өндірілуге жатқызылды.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрағалық етуші судья К.Мирзабеков ҚР ҚПК-нің 387-390, 393, 395-398, 401 баптарын басшылыққа алып, сот Нурбаев Габит Сериковичті ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындауды үкім етті.

Үкімге разы емес жақ жарияланған күннен бастап он бес тәулік ішінде, ал қамаудағы сотталған үкімнің көшірмесі табыс етілген күннен бастап сол мерзім ішінде, Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сот алқасына осы сот арқылы шағымдануға және наразылық келтіруге ерікті.

Алайда адвокат К.Манько және қорғаушы С.Нурбаева апелляциялық шағымдарында Г.С.Нурбаевтың өзінің өміріне қауіп төнген соң жәбірленуші Н.Н.Мырзахметовтың әрекетіне тойтарыс беру кезінде оның қолындағы пышақпен жарақат келтіргенін көрсетіп, Г.С.Нурбаевтың іс-әрекетін ҚК-нің 112-баптың 1-бөлігіне қайта дәрежелеп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрайды.

Сот алқасы апелляциялық шағымдарды қолдаған адвокат К.Маньконың және қорғаушы С.Нурбаеваның сөздерін, сот үкімін заңды және негізді деп танып, өзгеріссіз қалдыруды сұраған прокурор А.Шокпаровтың қорытындысын тыңдап, қылмыстық істің құжаттарын зерттеп, апелляциялық шағымдарда келтірілген уәждерді тексеріп, талқылап, алқа, сот үкімі төмендегі мән-жайларға байланысты өзгеріссіз қалдырылуға жатады деп санайды.

Сотталғанның кінәсі сотта зерттелген, дұрыс және негізді дәлелдеме ретінде бағаланған, істің нақты мән-жайларымен сәйкесетін жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, жүргізілген тергеу амалдары бойынша жасақталған хаттамалармен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, сондай-ақ істің басқа да материалдарымен толық қуатталған.

Атап айтқанда, оқиға барысында сотталған Г.С.Нурбаевтың куә С.Т.Турганбаевтан пышақ сұрағаны, соңғы пышақты І.Б.Бүркіт алғынын айтқанында, Г.С.Нурбаевтың пышақты І.Б.Бүркіттен алғаны, яғни пышақ Г.С.Нурбаевтың қолында болғаны жәбірленушінің және аталған куәлардың жауаптарымен расталған.

Сондай-ақ, араларында туындаған түсініспестікті шешу үшін қалғандарынан алшақ кетіп сөйлескен Г.С.Нурбаев пен Н.Н.Мырзахметовтың келісімге келе алмай, айқайласып қалғандары, нәтижесінде Г.С.Нурбаевтың жәбірленуші Н.Н.Мырзахметовке қарсы пышақ қолданып, оның кеудесінің оң жақ тұсына пышақпен соққы жасап, ауыр жарақаттағаны сотта зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен анықталған.

Нақты айтқанда, сотталған Г.С.Нурбаевтың жәбірленуші Н.Н.Мырзахметовке қатысты пышақ қолдануы олар алысып жатқанда емес, керісінше жанжал аяқталып, Н.Н.Мырзахметов кетуге ыңғайланған сәтте орын алғаны жәбірленушінің және куә І.Б.Бүркіттің бірқалыпты жауаптарымен, сондай-ақ куә С.Б.Турганбаевтың сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі кезінде 2019 жылғы 06 және 07 сәуірде берген жауаптарымен және соңғы екі куәнің арасындағы беттестіру хаттамасымен расталған.

№189 санды сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес Н.Н.Мырзахметовтың оң жақ кеудесінің төс сүйегі қасы сызығы бойының 3-4-ші қабырға аралығының тесіліп-кесілген кеуде қуысы ішіне енген жарақаты, оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінің өтпелі және төменгі бөлігінің жарақаттануы, жүрекқаптың жарақаттануы, оң жақ жүрекшінің жарақаты, оң жақ гемоперикарды, оң жақты гемопневмотораксы, геморрагиялық шоктың 4-ші дәрежесі, коагулопатия ДВС синдромы, ұйған гемотораксы, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Аталған дене жарақаты пышақ тәрізді заттың әсерінен, ұру арқылы алынған.

Іс бойынша жәбірленушінің дене жарақатының алыну механизмін анықтау және осы жарақатты алудағы жәбірленуші мен күдіктінің жауаптарын салыстырмалы түрде тексеру үшін медициналық-криминалистикалық, трассологиялық және ситуациялық зерттелулер жүргізілген.

№72 санды сот медико-криминалистикалық сараптама қорытындысы бойынша Н.Н.Мырзахметовтың кеудесінде анықталған дене жарақаты кесіп-тесетін қасиеті бар, бір шеті доғал, қарама-қарсы шеті өткір, жүзінің ені денеге ену деңгейінде шамамен 1,5-2,0 см болатын, доғал шетінің қалындығы 0,1 см-ден кем емес пышақ тәрізді затпен салынған. Оң жақ алақанының кесілген жарақаты өткір үшкір заттың әсерінен пайда болған. Н.Н.Мырзахметовтың денесінде анықталған жарақаттар күдікті Г.С.Нурбаевтың жауабында көрсеткен жағдайда, яғни жәбірленуші Н.Н.Мырзахметовтың өзінің қолындағы пышағын қолын қайыру кезінде салынуы мүмкін емес. Кеуде клеткасының жарақатты тікелей пышақпен соққы жасап ұру арқылы келтірілген.

Сарапшы Б.Б.Сагиндыков сот мәжілісінде жәбірленуші Н.Н.Мырзахметовтың денесінде анықталған жарақат – жарақат бағытының орналасуы және сипаттары бойынша сотталған Г.С.Нурбаевтың жауабында көрсеткен жағдайда, яғни Н.Н.Мырзахметовтың өзінің қолындағы пышақты оның қолын қайыру кезінде салынуы мүмкін еместігін, аталған жарақат жеткілікті күшпен пышақпен соққы жасау барысында алынғанын растаған.

Апелляциялық шағымдарда келтірілген уәждер бірінші сатысындағы сотта толық тексеріліп, тиісті құқықтық баға берілген.

Сот мәжілісінде зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен сотталған Г.С.Нурбаевтың кінәсі дәлелденген және оның іс-әрекеті ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен дұрыс дәрежеленген, себебі жәбірленуші Н.Н.Мырзахметовтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені толық расталған.

Демек, қорғау тарапының Г.С.Нурбаевтың іс-әрекетін ҚК-нің 112-бабының 1-бөлігіне қайта дәрежелеу жөніндегі уәждері негізсіз.

Сот алқасы, бірінші сатыдағы сотта зерттелген дәлелдемелерді ескере отырып, жәбірленуші Н.Н.Мырзахметовтың құқыққа қарсы іс-әрекеті сотталған Г.С.Нурбаевтың оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге тікелей ниетінің пайда болуына әкеліп соқтырған,-деген пікірге келеді. Г.С.Нурбаевтың тесіп-кесетін қасиеті бар пышақты қолданып, жеткілікті күшпен, жәбірленушінің кеуде тұсына пышақпен соққы жасауы оның пиғылының жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруге бағытталғанын айқындайды.

Сот алқасы іс бойынша анықталған мән-жайлар қылмыстық іс құжаттарымен толық сәйкес келеді және сотта зерттелген барлық дәлелдемелермен қуатталуына байланысты оның дұрыстығына күмән тудырмайды деген тұжырымға келеді.

Сот сотталған Г.С.Нурбаевқа жаза тағайындағанда оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жәйларды, сондай-ақ жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жәйдың жоқ екендігін, жеке басын, жәбірленушінің кешірім бергенін, жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескере отырып, ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігінің санкциясында көзделген жаза мерзімінің ең төменгі шегінде, оның қылмыстық әрекетіне лайықты, түзелуіне жеткілікті жаза тағайындаған.

Бұндай жағдайда, сот үкімі заңды және негізді, үкімді өзгертіп, қорғаушылардың апелляциялық шағымдарын қанағаттандыруға негіз жоқ.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 431-бабы 1-бөлігінің 1) тармағын, 443-444-баптарын басшылыққа алып, сот алқасы Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2019 жылғы 09 тамыздағы Нурбаев Габит Сериковичке қатысты үкімі өзгеріссіз, адвокат К.Д.Маньконың және қорғаушы С.С.Нурбаеваның апелляциялық шағымдары – қанағаттандырусыз қалдырылсын деген қаулы шығарды.

Апелляциялық қаулы оның толық мәтіні жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді. Қаулының толық мәтіні 2019 жылдың 27 қыркүйегінде жарияланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: