Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдерге 10,6 трлн теңге жұмсалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 18:36 Сурет: zakon.kz
Карточкалар арқылы қазақстандықтар 24,1 трлн теңгеге операциялар жасады.

Қазақстандықтардың қолданысында бүгінде 31,2 млн төлем карточкасы бар, олардың көмегімен барлығы 24,1 трлн теңгеге 1,2 млрд операция орындалды. Яғни, орташа есеппен бір транзакция 20 мың теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz finreview.info-ға сілтеме жасап.

Әлемдік экономиканың жаһандануы елдің экономикалық дамуындағы инновацияның рөлін күшейтті. Қаржы секторында инновация ұлттық ақша жүйесінің тұрақтылығының және тұтастай алғанда ұлттық экономиканың тұрақтылығының маңызды факторларының біріне айналған қолма-қол ақшасыз төлемдер аясын кеңейтті. Бұл жағдайда төлемдерге жылдам өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ететін, тарату шығындарын азайту кезінде қолма-қол ақша айналымын жеделдететін, қолма-қол ақша ағынын азайтатын және сауда-саттық пен өндіріс мүмкіндіктерін кеңейтетін қолма-қол ақшасыз төлемдердің қарқынды дамып келе жатқан құралдарының бірі болып табылатын төлем карточкаларының әлеуметтік-экономикалық рөлі артып келе жатқандығы cөзсіз.

Қазақстанда төлем карточкаларын 22 банк және «Қазпочта» АҚ шығарады. Ұстаушылар арасында VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің карталары кең таралған. UnionPay International, American Express International және Diners Club International карталары олармен салыстырғанда айтарлықтай сұранысқа ие болмауда. Сонымен бірге, қазақстандық банктер Altyn Card («Қазақстан Халық Банкі» АҚ), Ситибанк Қазақстан (Ситибанк Қазақстан АҚ) және Kaspi.kz (Kaspi Bank АҚ) арнайы ұсыныстар (қарыздар, төлемдер) қарастырылған жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады.

Соңғы 10 жыл ішінде төлем карточкаларының саны жыл сайын орта есеппен 20,3%-ға, ал ұстаушылар саны 17,7%-ға артып келеді. Оның үстіне, олардың санының азаюы тек 2015 және 2016 жылдары әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарынан болды.

2019 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 31,2 миллион төлем карточкасы қазақстандықтардың қолданысында болды, ал ұстаушылар саны 27,8 миллионды құрады. 2018 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда төлем карточкаларының өсуі 42,9%-ды, ал оларды ұстаушылардың өсімі 55%-ды құрады.

Ең көп таралғандары дебеттік карталар болып табылады, олардың үлесі 78,9%, несие карталарының үлесі 17,4%. Сондай-ақ, қазақстандықтар несиелік лимиті бар дебеттік карталарды және алдын-ала төленген карталарды пайдаланады, олардың үлесі сәйкесінше 2% және 1,7% құрайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 18:36

2019 жылдың он айында қазақстандықтар төлем карталарын қолдана отырып, 24,1 трлн теңге сомасына 1,2 млрд операция жасады, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім бірден 52% құрады. Яғни, орташа чек 20 мың теңгеге жетті.

Сонымен бірге, карточка ұстаушылар қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы 10,6 трлн теңге сомасына 912 млн транзакция жүргізді. Яғни, орташа есеппен бір операция 11,6 мың теңгені құрады. Қолма-қол ақшаны алу бойынша 13,5 трлн теңге сомасында операциялар жүргізілді.
Қолма-қол ақшасыз операциялардың негізгі бөлігі интернет/мобильді банкинг және POS-терминалдар арқылы жүзеге асырылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 18:36

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: