Қазақстанда жеке басқа табыну жоқ - Тоқаев

dw.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 20:54 dw.com
Назарбаев - ірі тарихи тұлға.

Германияға мемлекеттік сапары қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында Қазақстанның ерекше даму жолы мен жеке басқа табыну туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы бастама Тоқаевқа тиесілі болатын.

- Мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті құрметіне аталған әуежайға келіп қондым, елордадағы басты алаңда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші тұр, 1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Меніңше, бұл жеке басқа табыну секілді. Сіз мұнымен келісесіз бе? - деп сұрады шетелдік басылым журналисі Мемлекет басшысынан.

Тоқаев оған "Назарбаев - ірі тарихи тұлға" деп жауап берді.

- Жоқ, келіспеймін. Білесіз бе, бірде Шолоховтан (Михаил Шолохов - ред.): "Жеке басқа табыну болды ма?" деп сұраған екен, сонда ол: "Енді, тұлғаның болғаны рас қой" деген жауап беріпті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - ірі тарихи тұлға, деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Тоқаев биліктің ауысуы туралы айтты.

– Қазақстанға келсек, қалай дегенмен бір саяси жаңалық болды. Нұрсұлтан Назарбаев сияқты Қазақстан республикасының негізін қалаған әке, үлкен құрметке лайық адам, ұлт көшбасшысы бар. Ал мен – заңды түрде сайланған Президент, мемлекет басшысы, жоғарғы қолбасшымын. Біздің арамызда ешқандай қайшылық жоқ (кейде баспасөз бұл тақырыпты асыра айтқанды ұнатады). Мен бір-бірімізбен ақылдасатынымызды жасырмаймын, кейде мен одан кеңес сұраймын. Қосбилік жоқ, тандем де жоқ – заңды сайланған Президент бар, - деп қосты ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: