Болат Бақауовтың портреті 700 мың теңгеге сатылды

Павлодар облысының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2019 23:24 Павлодар облысының әкімдігі
Картина Павлодардағы қайырымдылық аукционында сатылды.

Қайырымдылық аукционына қатысушылар Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың портреті үшін 700 мың теңге төледі, деп хабарлайды zakon.kz.

- Кеше ол картина 700 мың теңгеге сатылып кетті, ал енді 28-30 миллион дегені - жүргізушінің қалжыңы, - деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет.

Павлодарда өткен аукционда түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап, көптеген пікірлер туғызып жатыр. Видеода КВН-нің танымал ойыншылары Тұрсынбек Кабатов пен Ярослав Мелехин жүргізген кештегі лоттардың бірінде әкім Болат Бақауовтың портреті сатуға шығарылады. Суреттің құны 12 миллион теңгеден басталып, аукцион қатысушылары 28 миллион теңге ұсынылған жерінде видео үзіледі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: