Өзбек футболшысы Элдор Шомуродовқа немістің "Шалькесі" құда түсті
Немістің "Шальке" футбол клубы ресейлік "Ростовта" ойнап жүрген өзбекстандық шабуылшы Элдор Шомуродовты сатып алуды жоспарлап отыр, деп жазады eurosport.ru.
GoSport.uz порталының ақпараты бойынша, "Шальке" клубы Шомуродов үшін 10 миллион евро мен бонус ретінде тағы қосымша бес миллион евро төлеуге дайынбыз деген ұсыныспен шықты. "Шальке" 24 жастағы ойыншыны осы қысқы үзілістегі трансферлік терезе кезінде сатып алуды жоспарлып отыр. Бірақ "Ростов" әзірге бұл ұсынысқа өз жауабын бермеді.
Шомуродовтың "Ростовпен" жасасқан келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін созылады.
Осы маусымда Шомуродов Ресей чемпионатында 10 доп соғып, сұрмергендер тізімінде Артем Дзюбадан кейінгі екінші орында келеді.