Алматыда автотұрақтарға дифференциалды тариф енгізілуі мүмкін
almaty.tv
Мұндай өзгеріс "Алматының ерекше мәртебесі туралы" заңға енгізілген түзетулерде қарастырылған.
Қалалық билік ақылы автотұрақтар үшін дифференциалды тарифті енгізуі мүмкін. Бұл өзгеріс "Алматының ерекше мәртебесі туралы" заңға енгізілген түзетулерде қарастырылған, деп хабарлайды zakon.kz.
- Мұндай құзырет бар, ол тарифтің көтерілуімен немесе төмендеуімен еш байланысы жоқ. Тұрақтың құн бір жерлерде өсуі де, бір жерлерде төмендеуі де мүмкін. Бұл заңда дифференциалды тариф туралы ережелер қарастырылған, яғни тұрақ нысаны қаланың қай бөлігінде, қандай аумағында орналасқанына байланысты, - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев баспасөз мәслихатында.
Ол қала билігіне дифференциальды тарифті қолдану үшін арнайы ережелер жасалатынын айтты.
2019 жылдың 28 желтоқсанында Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астананың дамуына жаңа мүмкіндіктер беретін "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы", "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін бірқатар заңға қол қойды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript