Жаңалықтар тізбегі
0

А.Мамин Павлодар облысының жаңа әкімі Ә.Сқақовты таныстырды

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2020 15:06 ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
Ә. Сқақов 1974 жылы 9 шілдеде Павлодар облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

Үкімет басшысы Асқар Мамин Павлодар облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңір әкімі лауазымына ұсынған Әбілқайыр Сқақовтың кандидатурасы бірауыздан келісілді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысының активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Премьер-Министр оның өңірлік және республикалық деңгейлердегі басшылық лауазымдардағы үлкен жұмыс тәжірибесін атап өтті.

"Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің индустриялық орталықтарының бірі – Павлодар облысының дамуына ерекше мән береді. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті үлкен, мұнда тау-кен металлургиясы кешені, металлургия және машина жасау саласы дамыған", — деді А. Мамин.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2020 15:06

Үкімет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша облыс әкімдігінің алдында тұрған міндеттерді атап өтті, олар: экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, өмір сүру сапасын арттыру және халықтың табысын жақсарту.

"Әбілқайыр Бақтыбайұлының басшылық қызметтегі тәжірибесі мен білімі облыс активімен және мәслихат депутаттарымен бірге Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді сапалы шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімдімін", — деді А. Мамин.

Кездесуде облыстың қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Нұрлан Нәбиев пен қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Александр Рюмкин сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы ұсынған Ә. Сқақовтың кандидатурасына қолдау білдіріп, Павлодар облысының жаңа әкіміне табысты әрі нәтижелі жұмыс атқаруды тіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2020 15:06

Ә. Сқақов 1974 жылы 9 шілдеде Павлодар облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын "қаржы" мамандығы бойынша, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін "экономика және қаржы" мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "құқықтану" мамандығы бойынша және М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1995-2006 жылдары Павлодар облысы бойынша салық комитетінің жүйесінде жұмыс істеген, жанама салықтар бөлімінің маманынан Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы қызметіне дейін көтерілген.

2006-2008 жылдары Павлодар облысының денсаулық сақтау департаменті директорының экономика жөніндегі орынбасары, 2008-2010 жылдары Павлодар облысы бойынша салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының басшысы болды.

2010 жылдың қазан айынан 2012 жылдың мамыр айына дейін Қостанай облысы бойынша салық департаментін басқарды, 2012-2014 жылдары Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің дамыту және жаңғырту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылғы қарашадан 2016 жылғы желтоқсанға дейін Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне басшылық етті, 2016 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы сәуірге дейін қорғаныс министрінің орынбасары лауазымында қызмет етті.

2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: