Ақшаны қолма-қол қаражатқа айналдырған топ мүшелері сотталды
Ақшаны қолма-қол қаражатқа айналдырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметіне шек қойылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көлеңкелі экономикағы қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыс шеңберінде облыс прокуратурасының үйлестіруі нәтижесінде ШҚО бойынша экономикалық тергеу қызметі және ШҚО Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.
Қылмыстық топ контрагент сатып алушылардың мекен-жайына жалған есеп-шоттар рәсімдеумен айналысып, 1,5 млрд теңгенің салығынан жалтаруды мақсат еткен.
Жалған кәсіпорындардың тіркелген жерлері мен фигуранттардың мекен-жайлары бойынша тінту жүргізіліп, бухгалтерлік құжаттар мен мөрлер, компьютерлер мен криптокілттер тәркіленіп алынды.
Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынды.
Сонымен қатар, 2019 жылы Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен осындай қылмыс жасап, мемлекетке 4 млрд-тан астам шығын келтірген екі қылмыстық топ әр түрлі мерзімге сотталды.