Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда автокөлікті сақтандыру тарифі көтерілуі мүмкін

time.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2020 18:29 time.kz
Сақтандыру компаниялары арнайы есептеу жүргізіп, заңға өзгеріс енгізуді ұсынбақ.

Қазақстандағы автокөлікті сақтандыру компаниялары сақтандыру тарифін өсіруге ниетті. Өйткені бұл тариф 2008 жылдан бері көтерілмеген, деп хабарлайды "Хабар-24".

Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда бүгінде сақтандыру төлемдері бойынша орташа сома 368 мың мен 400 мың теңге шамасында. 2018 жылы мұндай төлемдер саны 60 мыңнан 74 мыңға дейін көбейген. Сонымен қатар кейінгі жылдары автокөлік пен бөлшектерінің құны көтерілді. Шаһарларда машина саны артты. Десе де сақтандыру тарифтері 2008 жылдан бері өскен жоқ. Осыған байланысты сақтандыру компаниялары арнайы есептеу жүргізіп, заңға өзгеріс енгізуді ұсынбақ.

Олег Ханин, сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы:

– Қазіргі заңда сақтандыру тарифі көліктің қай өңірде тіркелгеніне байланысты белгіленеді. Осыған өзгеріс енгізу керек. Себебі кейбір көліктер ауылдық жерде тіркелгенімен, көбіне қалада тұрады. Мәселен Алматыда көліктің көбі Алматы облысында тіркелген. Бірақ қалада жүреді. Апатқа ұшырау мүмкіндігі жоғары. Бұл сақтандыру компанияларын шығынға батырып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: