Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда электр тарифі қымбаттауы мүмкін

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2020 21:35 Pixabay
Себебі көмір қымбаттаған.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанда көмір қымбаттады. Осыған байланысты жылдың ІІ-тоқсанында электр энергиясының бағасы көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

1 қаңтардан бастап көмір бағасы көтерілді. "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ бас директоры Игорь Татаровтың айтуынша, қазір компания бір тонна көмірді 2389 теңгеден алып жатқанын, ал өткен жылы оны 2174 теңгеден алғандарын айтты. Олар "Богатырь Көмір" ЖШС-дан көмір алады екен.

- Енді біз – Қазақстандағы энергетия өндірушілер сол шот-фактураны алып, жылу энергиясының қымбаттағанын айтып, Энергетика министрлігіне және Табиғи монополияларды реттеу департаментіне баруымызға тура келеді. Тұтынушы үшін жылу бағасы шамамен 2 пайызға қымбаттайды, ал электр энергиясы көмірдің өзіндік құнына байланысты 2 пайызға қымбаттайды, - деді ол.

Ол көмір жеткізуші компания бағаны көтеріп отырғандықтан басқа ештеңе істей алмайтындарын жеткізді.

- Біз дауласа алмаймыз, өйткені балама отын жоқ. Егер электр энергиясын, жылуды сату қызметтерін мемлекет реттесе, онда мемлекет көмірдің құнын реттемейді, мұның өзі қисынсыз ғой.

Бас директор атап өткендей, қаңтар-ақпан айында олардың компаниясы шығынға ұшырауы мүмкін. Содан кейін ұйым Энергия министрлігіне шығып, өзіндік құн бойынша тарифті көтеруді сұрайды. Сол кезде Қазақстан электр қуатының тарифі өсуі мүмкін.

- Бұл наурыз айында болатын шығар. Жылына бір рет министрлік алдында біз бағаның өзіндік құнын қорғап отырамыз. Бұл әдетте бірінші тоқсанда болады, мүмкін наурыз айында болады. Барлық ұйымдар келіп, өзіндік құнын дәлелдейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: