Жаңалықтар тізбегі
0

ҚХР-дан оралған 40-тан астам адам ЖРВИ белгісімен ауруханада жатыр

инАлматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2020 23:52 инАлматы
25 адам емделіп, үйіне босатылған.

ҚХР-дан оралған 40-тан астам адам Жедел респираторлы вирустық инфекциясымен (ЖРВИ) ауруханаларда жатыр, деп мәлімдеді еліміздің инфекциялық ауру бойынша жетекші маманы, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева арнайы баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды zakon.kz.

- 6 қаңтардан кейін Қытайдан келгендер бақылауға алынып, оларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың 81% қатаң қадағалауға алынды. Бұл арада біз Қытайдан 6 қаңтарда келгендер туралы айтып отырмыз, ыстығы бар азаматтар туралы емес, - деді Баешева.

Оның айтуынша, 31 қаңтардағы дерек бойынша, ыстығы көтеріліп, ЖРВИ белгісі табылған 56 адам аурухананың оқшауланған блоктарына жатқызылды.

- Ауруханада 41 адам жатыр, 25 адам емделіп, үйіне босатылған. Біз олардан қосымша анализ алып, оны тексеру үшін Алматыдағы қауіпті инфекциялар жөніндегі ұлттық ғылыми орталыққа жіберіп жатырмыз. Бұл орталықта коронавирустың жаңа штаммын диагностикалау әдісі игерілген, деп хабарлады жұқпалы аурулар жөніндегі маман.

Ол ЖРВИ-дің алдын-алуға арналған барлық ұсыныстар баршаға белгілі екенін атап өтті. Мысалы, сарапшылар адамдар көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болып, ЖРВИ белгілері бар адамдармен араласпауды және қолды үнемі сабындап жуып отыруға кеңес береді.

- Қоғамдық орындарда бетперде киіп, оны әр 2-3 сағат сайын ауыстырып отыру керек, сол секілді түшкірген кезде әдеп сақтай біліңіз. Өзімен бірге беторамал ала жүру керек немесе ол болмаған жағдайда оң білегімізбен бетіңізді жауып, түшкіруге болады. Ет өнімдерін әбден қайнатып, қуырып жеу керек, ал көкөністер мен жемістерді қайнаған суға батырып алған жөн. Базарда кептірілген жемістердің дәмін татпаңыз, - деп сөзін түйіндеді Баешева.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: