Жаңалықтар тізбегі
0

Медицина саласының бірқатар қызметкері жемқорлық үшін айыпталуда

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2020 21:30 zakon.kz
Сотқа дейінгі тергеулер жалғасуда.

Қаңтар айында еліміздің бірқатар өңірлерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет медицина қызметкерлеріне қатысты жемқорлық жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеулерді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Шымкент қаласында Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК бұрынғы бас дәрігері 20 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенуде. Шенеунік ғимаратты жөндеу бойынша орындалмаған жұмыстарға ақы төлеп қаражатты ысырап еткен.

Қостанай облысында облыс әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Арқалық қаласының мамандандырылған сәбилер үйі" КММ бас дәрігерінің 2 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлауға қатыстылығы тексерілуде.

Маңғыстау облысында "Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК басшысының м.а. қатысты бір азаматтан фельдшер болып жұмысқа орналасқаны үшін қомақты мөлшерде пара алды деген күдікпен тергеу басталды.

Қызылорда облысында көпсалалы облыстық аурухананың дәрігері азаматтарды "Облыстық білім басқармасы" ММ-нің лауазымды тұлғаларына мұғалім ретінде жұмысқа орналастырғаны үшін 600 мың теңге, "Жедел медициналық көмек" ММ-нің директорына фельдшер ретінде жұмысқа орналастырғаны үшін 500 мың теңге пара беруге итермелегені және келесі бір азаматты "Жер қатынастары басқармасы" ММ-не жұмысқа орналастыруға ықпалдасуы үшін алдау жолымен 600 мың теңге пара алды деп күдіктелуде.

Сотқа дейінгі тергеулер жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің дәрежесі бойынша түпкілікті шешімді сот шығарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Медицина саласының бірқатар қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталуда А.ж. қаңтар айында еліміздің бірқатар өңірлерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет медицина қызметкерлеріне қатысты жемқорлық жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеулерді бастады. Толық ақпарат «ANTIKOR News» Telegram-арнасында. Сілтеме профильдің басты бетінде. ____________________ Ряд работников медицинской сферы подозреваются в совершении коррупционных преступлений В январе т.г. ряде регионов страны Антикоррупционной службой начаты досудебные расследования в отношении работников медицины по подозрению в коррупции. Полная информация на Telegram-канале «ANTIKOR News». Ссылка в шапке профиля. #ANTIKOR #AntikorKzVideo

Публикация от @anticorruption.kz (@anticorruption.kazakhstan)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: