Жаңалықтар тізбегі
0

Кеген ауданының шенділері жерді туыстарына бөліп беріпті

видеодан кадр видеодан кадр
Халыққа жаны ашымайтын шенділер қызметінен кетсін! Аудан тұрғындарының басты талабы осы.

Алматы облысының Кеген ауданында ауыл шаруашылық жерлерін шенділер өз туыстарына бөліп берген. Бірі баласына енді бірі әкесіне, тіпті әйеліне учаске алып берген комиссия мүшелері де бар болып шықты. Жабық түрде өткен конкурста жеңімпаз атанғандар арасында тышқақ лағы да жоқтары бар екен. Ұсынылған 238 гектардан қарапайым тұрғындарға ұлтарақтай да жер бұйырмаған. Мал жаюға жайылым таппай қалған шаруалар БАҚ өкілдерінен көмек сұрады.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Халыққа жаны ашымайтын шенділер қызметінен кетсін! Аудан тұрғындарының басты талабы осы. Байқауға жер алғысы келген барлық тұрғын қатысқан. Алайда жер комиссияның өкілдері төрт түлігі, ауыл-шаруашылық техникасы жоқ деген түрлі желеумен елдімекендерден келген шаруаларды кері қайтарып жіберіпті. Осалайша мемлекеттік қызметкерлер өздерінің жақындары мен құда-жегжаттарынна гектарлап жер телімдерін үлестірді, дейді жұрт. Салдарынан Түйық пен Қарқара тұрғындары не мал жаятын, не шөп шабатын жер таппай отыр. Ал гектарлап жерлерді қоршап алған кәсіпкерлер не өздері пайдаланбайды, не өзгелерге бермейді екен.

Манап Қыдырбай, Тұйық ауылының тұрғыны:

"Біреуін ауылда бас маман алды. Әкімшілік қызметкері. Біріншісін осы Кеген ауданының аппарат басшысы Исаев Медет деген жігіттің әкесі алды. Сендердің регламенттерің сай келмейді техникаларың жоқ банктен несие алмағансыңдар деген сияқты сылтаулар шығады".

Азамат Нұрсатбаев, қарқара ауылының тұрғыны:

"Ауылымыздын жан-жағы сеткамен қоршалған, үлкен-үлкен ірі фирмалар бәрін қоршап тастаған. Еще жердің бәрін қазып тастаған. Экологтар ешқандай жұмыс жасамайды. Малымыз түсіп жатыр қазір қар үрлеп тастады. Жұмаш деген азамат комиссия мүшесі жерді алдын ала қоршап, дайындап, пайдаланып алып соны кокурсқа түсіп ұтқан. Бұл әділеттілік па мысалы?"

Аудан шенділерінен әбден көңілдері қалған тұрғындар әкімдікке келіп бассыздыққа жол бергендерді жауапқа тартып, жер комиссиясының шешімінің күшін жоюды талап етті. Жеңімпаздар арасында тіпті ауданда тұрмайтын тұлғалардың бар екені анықталған. Тұрғындармен кездескен аудан әкімі жер комиссиясының шешімі жан жақты сараланатынын жеткізді. Жалпы ауданда 3027 гектар бос жатқан жер бар екен.

Талғат Байеділов, Кеген ауданының әкімі:

"Енді қазір осы комиссияның шешіміні наразылық тудырылғаннан кейін мен қазір уақытша комиссияның жұмысын тоқтатып қойдым. Облыстағы жер инспекциясына хат жолдадым. Осы комиссияның өткізгені дұрыс па, дұрыс емес па. Егер де заңды жүзінде өтетін болса өз күшінде қалады. Егер бір заң бұзушылықтар болатын болса конкурстың күші жойылады. Алдағы уақыттарда сол жерлерді алдағы уақытта қайта конкусқа өткізетін боламыз".


Кегендіктер шығымынан кейін өңір басшысы тексеруге арнайы комиссия жіберген. Оның құрамына облыстық шенділермен бірге прокуратура қызметкерлері де еніпті.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі:

"Егер заңсыздық анықталатын болса бұл комиссияның шешімдері толығымен жойылып, арнайы қайтадан комиссия құрылады. Сонымен қатар комиссияның жұмысында ағаттықтар анықталатын болса комиссияның өзінің жұмысына қатысты тәртіптік немесе қылмыстық жарапкершілікке тартылатын болады".


Талдықорғаннан келген тексеру бір апта ішінде аудандық жер комиссиянысының әрекетін жан-жақты тексеріп, оған құқықтық баға бермек. Ал аудан тұрғындары бармақ басты, көз қыстылыққа жол беруі мүмкін деген шенділерді жұмыстан қууды талап етуде.

Кеген ауданынан шыққан дау облыс әкімі Амандық Баталовқа дейін жеткен. Қазір облыстан арнайы құрылып, аудандық жер комиссиясының мәселесін май шаммен қарамақ. Егер заңсыздық анықталатын болса, оған жол берген шенділер жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: