Қазақстанға жалған нөмірмен 11 автокөлік әкелу әрекеті жасалды

Мемлекеттік кірістер департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2020 22:16 Мемлекеттік кірістер департаменті
Оқиға Өзбекстанмен арадағы шекарада болды.

23 қаңтарда Түркістан облысындағы "Атамекен" кеден бекетінде шекарадан өткізілмек болған 11 кроссовердің (көбі Lexus RX) заңға сай емес екені анықталды, деп жазады kolesa.kz.

Өңірдің Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, бұған дейін бұл автокөліктер Қазақстан арқылы Грузиядан Өзбекстанға өтіп кеткен. Бірақ бірнеше күннен кейін қазақстандық нөмір тағып алып, Қазақстан шекарасына кіруге тырысты.

Тексеруден кейін анықталғандай, бұл автокөліктер Қазақстан аумағында кедендік тазартудан өтпеген, сәйкесінше, кедендік төлемдерден жалтару фактісі тіркеліп отыр. Жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жөнелтілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: