Исламхан келесі аптада Чемпиондар лигасында ойнауы мүмкін

"Қайрат" ФК, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2020 23:06 "Қайрат" ФК
Әңгіме әзірге УЕФА Чемпиондар лигасы емес, АФК Чемпиондар лигасы туралы.

Алдағы сейсенбіде Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан өз ғұмырында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының матчында ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz.

Әңгіме әзірге УЕФА Чемпиондар лигасы емес, АФК Чемпиондар лигасы туралы.

Оның қазіргі клубы "Аль-Айн" чемпиондар лигасында ойнайды. 28 қаңтарда "Аль-Айн" Өзбекстанның "Бунедкор" клубын 1:0 есебімен ұтып, енді 11 ақпанда Чемпиондар лигасының топтық турнирінің алғашқы ойынында ирандық "Сепаханды" өз алаңында қабылдайды.

"Аль-Айн" және "Сепаханмен" бірге бір топқа Сауд Арабиясының "Аль-Насср" клубы мен Катардың "Аль-Садд" клубы түскен.

Кезінде Сауд Арабиясының клубтарында екі рет жұмыс істеген болгариялық маман Димитар Димитровтың пікірінше, БАӘ чемпионатының деңгейі Қазақстан чемпионатынан жоғары.



zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: