Жаңалықтар тізбегі
0

Халықаралық резервтер 29,31 млрд долларды құрады

inbussines.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 16:48 inbussines.kz
Қаңтарда Ұлттық қорға 100 млн долларға 2 тонна алтын сатылды.

Халықаралық резервтер бір айда 352 млн долларға (+1,2%) ұлғайып, 2020 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша 29,31 млрд долларға жетті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағалы металл бағасының өсуіне және нақты тазартылған алтынды сатып алуға байланысты алтын портфелін оң қайта бағалау мемлекеттік борыштың өтелуіне және Ұлттық Банктегі екінші деңгейдегі банктердің валюталық шоттарындағы қалдықтардың төмендеуіне қарамастан алтын-валюта қорларының ұлғаюына алып келді.

Еркін айырбасталатын валюталардағы активтер 9,67 млрд долларға дейін – 415 млн долларға (-4,1%) азайды. Алтындағы активтер өткен айда 19,64 млрд долларға дейін - 768 млн долларға (+4,1%) ұлғайды. Бұл алтын бағасының 4%-ға өсуі және басым құқық шеңберінде сатып алу есебінен болды.

Биыл Ұлттық Банк жаңа Тұжырымдама шеңберінде Ұлттық қордың пайдасына алтын сатуды жалғастырады. Қаңтарда Ұлттық қорға 100 млн долларға 2 тонна алтын сатылды.

Резервтердің валюта бөлігі өткен айда азайды. Бұл мемлекеттік борыштың өтелуіне және Ұлттық Банктегі екінші деңгейдегі банктердің валюталық шоттарындағы қалдықтардың төмендеуіне байланысты болды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 16:48

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: