Карантиндегі лайнер ішінде Қазақстанның 4 азаматы бар
twitter.com/mlnangalama
Айта кетсек, лайнер ішінде 50 мемлекеттің 3700 азаматы оқшауланып, қамалып отыр.
Жапония жағалауында тұрған Diamond Princess круиздік лайнерінде Қазақстанның 4 азаматы бар екені анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.
Лайнер ішінде 50 мемлекеттің 3700 азаматы оқшауланып, қамалып отыр.
Коронавирус жұқтырудың 174 жағдайы расталған. Лайнердегі 4 Қазақстан азаматының денсаулығы қанағаттандырарлық жағдайда, зертханалық тексерулер жасалуда.
Карантин 19 ақпанда аяқталады деп күтілуде.
Жапонияда 174 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның ішінде 135 адам Diamond Princess круиздік лайнерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері. Лайнер Йокогама портына таяғанда оның ішінде 3700 адам болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript