Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында мас күйде рөлге отырған 128 жүргізуші ұсталды

zr.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2020 14:35 zr.ru
Айыппұлдың жалпы сомасы 190 миллион 935 мың теңгені құрады.

Алматы облысының полицейлері жыл басынан бері тіркелген құқық бұзушылықтарға талдау жасап, жиі кездесетін ұсақ құқық бұзушылықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мүлдем төзбеушілік" қағидаты аясында ағымдағы жылдың бір жарым айында 38 мың 409 әкімшілік құқық бұзушылық жасалған. Тәртіп бұзған тұлғаларға тиісті хаттамалар толтырылып, салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 190 миллион 935 мың теңгені құрады",- деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Облыстық полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, жиі тіркелетін құқық бұзушылықтардың қатарына жол ережелерін сақтамау жатады екен. Оның ішінде, жаяу жүргiншiлердiң жолды белгіленбеген жерден қиып өтуінің 1900 жуық дерегі, көлік тізгініндегі жүргізушінің телефонды пайдалануының 678 дерегі, жылдамдық тәртібін сақтамаудың 3000 астам дерегі тіркелген. Оның қатарына қауіпсіздік белдігін тақпаған немесе жаяу жүргіншіге жол бермеген көлік иелері де қосылған.

Сонымен қатар, белгіленбеген орындарда сауда жасаған, қоғамдық орындарды ластаған немесе қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, масаң күйде жүрген азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл арқалаған.

Естеріңізге сала кетейік, тәртіп сақшылары бұған дейін арнайы шара барысында түнгі мезгізде үлкендерсіз жеке-дара жүрген 600 жуық жасөспірімнің анықталғанын хабарлаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: