Жаңалықтар тізбегі
0

"Сергектің" тасымалдаушыларға салған айыппұлы заңсыз деп танылды

yvision.kz/u/Kubekovkz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2020 17:32 yvision.kz/u/Kubekovkz
"Сергек" - негізсіз, бизнеске әкімшілік қысым көрсететін және әкімшілік тосқауыл деп саналды.

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлерден ұжымдық өтініш келіп түсті. Барлығы 7 кәсіпкер жүгінді, оларға 160 мың теңгеден астам сомаға 21 хаттама жолданған, деп хабарлайды zakon.kz палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап автотасымалдаушылардың атына қоғамдық көлікке арналған жолдарда жүргені үшін айыппұлдар келіп түсе бастады.

Айта кету керек, барлық кәсіпкерлердің жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға лицензиялары бар.

Анықтама: Қалалық автобус қызметі тұрақты және тұрақты емес болып бөлінеді. Көліктің екі санаты да лицензияланған. Тұрақты жолаушылар көлігі дегеніміз белгілі бір маршрутпен жүретін тасымалдаушылар (қалалық қоғамдық көлік деп аталатын).

Тасымалдаушылар ұсынылған талаптармен келіспеді. Алайда олар есеп айырысу шоттарын жабудан қорқып айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

Кәсіпкерлер уәкілетті мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгінген, бірақ еш нәтиже болмаған. Сонымен қатар, кәсіпкерлер әкімшілік полиция бөліміне сұрау жіберген, жіберілген мекемеден екі жауап алынды.

Алғашқы жауапта "тыйым салынған көлік құралдарына арналған жолдарда ... қозғалыс болмайды және осы жолда басқа көлік құралдарының тоқтауына болмайды" және "қоғамдық жолда жүруге рұқсаттар мен құжаттар беру заңда көзделмеген" делінген.

Кейіннен тағы бір жауап келді: "ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕН БАСҚА, жол қозғалысына тыйым салынған жолдарда көлік қозғалысы жасалынбайды және басқа көліктер осы жолда жүрмейді". Сонымен бірге, Алматы қаласының Әкімшілік полиция басқармасы қоғамдық көлікті "жолаушылар мен багажды, таксилерді тұрақты және жүйесіз автомобиль көлігімен жүзеге асыратын қоғамдық көлік" деп санайды.

Нәтижесінде екі қарама-қайшылықты жауап пайда болды. Тасымалдаушы автобустың нөмірлері базаларға енгізілмеген және айыппұлдар жойылған жоқ.

Мәселені зерделей отырып, Палата сарапшылары Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының ұсынған түсініктемелерімен пен келіп түскен нұсқамаларды заңсыз, негізсіз, бизнеске әкімшілік қысым көрсететін және әкімшілік тосқауыл болып табылады деп санайды.

Мәселе 2019 жылдың 19 желтоқсанда уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен Алматы қаласы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізілді. Нәтижесінде мәселені шешу үшін ұсыныстар қабылдау керектігі туралы резолюция қабылданды.

Айта кету керек, Нұр-сұлтан қаласында да қоғамдық көлікке арналған жолдар бар, оларды тұрақты емес тасымалдаушылар заңды түрде пайдалана алады. Осыған орай 21 қаңтар күні Палата алаңында осы мәселені шешу үшін жұмыс тобының отырысы өтті, онда уәкілетті орталық және аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдері бейне байланыс арқылы байланыс орнатып, тәжірибелерімен бөлісіп, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірді.

ҚР Бас прокуратурасы мен "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2020 жылға арналған ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын басшылыққа ала отырып және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы хаттамасының шешімін орындау мақсатында, Палата Алматы қаласының прокуратурасына уәкілетті мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін жан-жақты зерделеу бойынша жұмыс жүргізу және жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен хат жолдады.

Прокуратура Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының атына осы айыппұлды төлеген кәсіпкер (Дмитрий Маремуха жеке кәсіпкер) мүддесіне наразылық білдірген.

Сот прокурордың наразылығын толық қанағаттандырды және қылмыс құрамының болмауына байланысты кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сондай-ақ ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті "Атамекен" ҚР ҰКП сауалына жауап ретінде: "егер тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келсе, ол маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен қозғалысты жүзеге асыруға құқылы" деп хабарлады.

Нәтижесінде автотасымалдаушыларға қатысты айыппұлдар жойылады және оларға қоғамдық көлік үшін жолдарды пайдалануға рұқсат етіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: