Нұр-Сұлтанның балалары үшін автобуста жүру тегін болады
28 наурыздан бастап кәмелетке толмаған балалар қалалық автобустарда тегін жүретін болады. Бұл туралы қалалық көлікті дамытуға арналған форумда City Transportation Systems басқармасының төрағасы (бұрынғы "Астана ЛРТ" ЖШС) Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Kursiv.kz-ке сілтеме жасап.
"Өздеріңіз білесіздер, 7-15 жас аралығындағы балалар қалалық көлікте 40 теңге төлейді. Алайда көп балалы отбасылар үшін жолақының өзі кәдімгідей салмақ. Сондықтан 28 ақпаннан бастап тасымалдаушы компаниялар балаларды тегін тасымалдауға шешім қабылдады", – деді ол.
Бұл ретте Игенбердинов бүкіл жолаушылар үшін валидация міндетті екенін айтып өтті. Ол маршруттық бағыттың дұрыс құрылуына қажетті есеп-қисапта пайдаланылады.
Сонымен қатар наурыздың соңынан жаңа жолақы тарифтері енгізіледі. Мәселен, қала тұрғындары 10 мың теңгеге қоғамдық көлік пен экспресс-бағыттарда бір ай бойы шектеусіз жүріп-тұруға мүмкіндік беретін "қалалық Экспресс+" тарифін сатып ала алады. Ал қала маңындағы ауылдардан қатынайтындар елдімекен арасы мен қалалық қоғамдық көліктерге арналған 13 мың теңгелік тарифті таңдай алады.