Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай елшісі Сайрагүл Сауытбайдың марапатына қатысты: Бұл - таза арандату

Twitter, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2020 18:48 Twitter
Ол өзінің осы геосаяси циркте қандай рөл ойнап жүргенін нақты пайымдай алмауы, өкінішті - Сяо.

Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяо этникалық қазақ әйел Сайрагүл Сауытбайдың АҚШ-тағы "Әйел ерлігі үшін" халықаралық сыйлығын алуына өзінің көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

4 наурызда Вашингтонда Сайрагүл Сауытбай Мемлекеттік департаменттің басшылығының қойылымымен қандай да бір ерлігі үшін деген түсініксіз сыйлыққа ие болды. Бұл - Қытайдың ішкі істеріне араласуға бағытталған ашық арандату. Оқиғаның өзі көптің қызығушылығын туғыза алмаған шағын циркке ұқсайды, бірақ ол Вашингтонның шынайы мақсаты мен пиғылын анық көрсетті. Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданындағы терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі үлкен жетістіктерді елемей, Вашингтон соңғы жылдары осы өңірдің мәселесін есі шыға насихаттап жатыр. Түрлі жала жабу арқылы этникараралық, ұлтаралық шиеленісті ушықтырып, қантөгіске итермелеу мақсатында Қытайды қолынан келгенше ғайбаттап, ақыры Қытайдың түбіне жетемін деп айбат шегуде. Алайда, олардың бұл әрекеттері әр кез сайын сәтсіздікке ұшырауда. Шыңжан-Ұйғыр автономиясы бүгіндері қауіпсіз, тұрақты өңірге айналып, гүлдене түсті, мұндағы барлық ұлттар қайтадан бейбіт, мамыражай өмірге оралды. Кәсіптік оқу орталықтарын тәмамдағандар қоғамға қауіп төндіруін қойып, жұмысқа тұрып, ақшасын таба бастады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл орталықтарды енгізу Қытайдың экстремизммен күресу үшін ойлап тапқан сәтті тәжірибесі екендігін айқындайды. Бұл - Қытайдың терроризм мен экстремизмге қарсы жаһандық күресте қосқан қомақты үлесі және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды кепілі. Вашингтон неге екенін, өтірікті қайталай берсе, ақырында ол шындыққа айналады деген біртүрлі стереотипке жүгінеді. Бірақ бұл олардың білімсіздігін білдіреді. Өтірік айтуды жалғастыруды доғарыңдар, өйткені өтірік жүз рет қайталасаңдар да ол ешқашан шындыққа айналмайды. Осы марапаттауға қатысты цирк АҚШ-тың идеологиялық вирустың ең ірі қайнар көзі екендігін тағы бір мәрте көрсетті. Қытайда да, Қазақстанда да қылмыскер деп танылған "қаһарман" жайына келетін болсақ, қайдағы ерлік? Оның ерлігі - Отанына опасыздық жасау, өз мәлімдемелерімен оны және оның отбасын бауырына тартып, дастарханын жайған еліне кір келтірді. Егер оның бойында қандай да бір батылдық болса, Шынжаңдағы несие бойынша қарыздарын неге төлемейді? Ол өзінің осы геосаяси циркте қандай рөл ойнап жүргенін нақты пайымдай алмауы, өкінішті, деп жазды Сяо Facebook-те.

Сайрагүл Сауытбай Қытайдың Шыңжаң өңірінде тұрған, ұзақ уақыт бойы Қазақстанда босқын мәртебесін алуға тырысты. 2018 жылдың жазында ол тарихи отанын отбасымен тастап, Швецияға ұшып кетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: