Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда коронавирус науқастарға арналған аурухана дайын тұр

gb10-tula.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2020 18:06 gb10-tula.ru
Жақын күндері алматылықтардың телефонына коронавирустың жаңа түрі туралы мәлімет жаппай келе бастайды.

Алматы билігі коронавирусқа қарсы «Б» жоспарын әзірлеп жатыр. Стратегиялық құжат ресми түрде 16-ші наурызда таныстырылмақ. Қалалық қоғамдық кеңесте қауіпті эпидемияға дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Рахман Алшанов, Алматы қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы:

- Әкімдіктің айтып отырғаны, қоғамдық кеңес бізге көмектессін, айтсын, қай жерде олқылықтар бар екенін, қай жерде байқамай қалды дегендей.

Отырыста қоғамдық кеңес мүшелері коронавирусқа қатысты қала басшылығы ескермеген кей тұстарды атап көрсетті. Мегаполис басшылығы коронавирустың алдын алуда Сеулдің тәжірибесіне сүйеніп отыр. Егер қауіпті індет тіркелсе, арнайы портал мен колл-орталық бірден іске қосылып, халықты жан-жақты құлағдар етеді.

Алматы әкімдігі індетті ауыздықтауға "тас-түйін әзірміз" дейді. Ол үшін арнайы ауруханалар дайындалған. Ауру жұқтырды деп күдікке ілінгендер каратинде жататындар мен коронавирусты жұқтырғандар бір-бірінен бөлек жатқызылмақ.

Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, дәрі-дәрмек, медициналық құралдар және білікті мамандар жеткілікті. Тек бетперде тапшы. Себебі, Қытайдан жеткізілетін шикізат таусылған. Жақында қаладан өндіріс орнын ашу жоспарда бар. Коронавирусқа байланысты Алматыдағы қоғамдық көліктерде де тазалық жұмыстары күшейтілді. Метродағы вагондардың іші-сыртын сүртіп, тазалауға күн сайын 50 минут кетеді екен. Адам нөпірі көп жерлерде сағат сайын залалсыздандыру жүргізіліп жатыр. Дәл осындай міндет троллейбус пен автобус жүргізушілеріне де жүктелген.

Назгүл Нөсербекова, троллейбус жүргізушісі:

- Екі сағат сайын үзіліс болады бізде. Кейде 3 сағат сайын болады, әрқалай. Мұқият тазалап, хлоркамен, қолымызды спиртпен сүртіп, маска киіп отырамыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: