Қазақстанда енді кредиттік каникул беріле ме?

c1316.c.3072.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2020 19:56 c1316.c.3072.ru
"Төтенше жағдай бүгін ғана енгізілді, - деп еске салды вице-министр.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев мәжілісте елде коронавирус салдарынан төтенше жағдай енгізілген кезеңде бизнесті қолдау шаралары қарастырыла ма, деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Үкімет шағын және орта бизнесті қосымша қолдау шаралары бойынша жұмыс жүргізуде. Президент сондай тапсырма берді. Қандай шаралар ұсынылғаны алдағы уақытта хабарланады. Қазір олар пысықталуда, - деді Мәдиев.

Сонымен бірге, спикерге кәсіпкерлерге арналған несиелік демалыс туралы сұрақ қойылды, бірақ вице-министр тікелей жауаптан жалтарып кетті.

"Қазір қалыптасқан күрделі жағдайды жеңілдету үшін бірқатар шаралар қарастырылуда", - деп қайталай салды ол.

Оның айтуынша, келтірілген залалды анықтау үшін "қазір барлық есептеулер жүргізіліп, тиісті шаралар әзірленуде".

"Төтенше жағдай бүгін ғана енгізілді", - деп еске салды вице-министр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: