Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда кеніштер тоқтап, вахталар жұмыссыз қалмасын

time.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2020 17:17 time.kz
Мәселе Ресейдің әмірикалықтарды қиналту үшін ОПЕК-тен шығып кеткенінен басталды деген дұрысырақ болар.

"Сaudi Aramco компаниясы сәуір айы бойына түгел Еуропаға күніне 12,3 млн баррель мұнай жеткізетін болады", - деген компания басшысының мәлімдесін естіген сарапшы Қуаныш Еділхантегі желіде өзінің ойын тастады.

Маңғыстауда мұнай кен орындары өз өндірісін тоқтатуы мүмкін бе?

– Егер мұнай өтпесе басқа қандай варианттары болуы мүмкін? Мұнай ұңғыларын консервацияға қою аз шығынды қажет етпейді және оларды керек кезінде қайта іске қосу да оңай жұмыс емес, ол кейбір мұнай ұңғыларының істен шығуына да соқтыруы мүмкін. Мұнайшы болмасам да мен оны мұнай компаниясында жұмыс істеп, олардың жалпы жұмысынан хабардар адам ретінде айтып отырмын, – дейді ол.

Қуаныш Еділхантегінің пайымдауынша, бұл жағдай вахтада жұмыс істейтін жұмысшылардың қысқаруына алып келеді. Онсыз да көптеген салаларда маман мұнайшылардың 5/50 әдісімен қысқарту жұмыстары жүріп өтті.

– Қалай болғанда да жағдай өте қорқынышты сияқты. Коронавирустің бұл жерге еш қатысы жоқ, тек алғашқы түрткі беру рөлін атқарған болуы мүмкін. Мәселе Ресейдің әмірикалықтарды қиналту үшін ОПЕК-тен шығып кеткенінен басталды деген дұрысырақ болар. ЕАЭО-дан қазір шығып кетсе де, мәселе оған дейін шешіліп, "болары болып бояуы сіңген" сияқты. Бірақ, әрине, бәрібір бұл одақтан шығу керек, ол тек алыс перспективада ғана қамыттан құтылуға мүмкіндік береді – енді өмір бойына құлдық қамытын арқалай бермейтін шығармыз, – деген сауал тастайды пост авторы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: